Нұсқа ¹149 29/01/2024
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 980,3 трлн теңге сомаға 73,7 млн транзакция жүргізілді. 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 12,5% (8,2 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 24,5% (193,0 трлн теңгеге) көбейді.
БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі |
||
(тиісінше мың транзакция және млрд.тг) |
||
Жыл |
Қаңтар-желтоқсан |
|
саны |
көлемі |
|
2022 |
65 530,4 |
787 241,8 |
2023 |
73 725,0 |
980 279,6 |
Өзгеріс, %-бен |
12,5% |
24,5% |
Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында БААЖ арқылы барлығы 969,3 трлн теңге сомаға 25,5 млн транзакция жүзеге асырылды. 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда төлемдер саны 17,0%-ға (3,7 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 24,8% (192,4 трлн теңгеге) көбейді.
Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 4,0 трлн теңге сомаға 104,1 мың транзакция жүргізілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда саны бойынша 17,5% (15,5 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 25,3% (798,1 млрд теңгеге) көп.
Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) |
|||
(тиісінше мың транзакция және млрд.тг) |
|||
Жыл |
Қаңтар-желтоқсан |
||
саны |
көлемі |
||
2022 |
барлығы |
21 796,5 |
776 920,2 |
орташа алғанда бір күнде |
88,6 |
3 158,2 |
|
2023 |
барлығы |
25 504,1 |
969 288,3 |
орташа алғанда бір күнде |
104,1 |
3 956,3 |
|
Өзгеріс, %-бен |
барлығы |
17,0% |
24,8% |
орташа алғанда бір күнде |
17,5% |
25,3% |
Банкаралық клиринг жүйесі
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бөлшек төлемдер ағыны 11,0 трлн теңге сомаға 48,2 млн құжат болды. 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 10,3% (4,5 млн құжат), төлемдер сомасы 6,5% (669,7 млрд теңге) көбейді.
Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 44,9 млрд теңге сомаға 196,8 мың транзакция жүргізілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 10,7% (19,0 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 6,9% (2,9 млрд теңге) көп.
Банкаралық клиринг жүйесі |
|||
(тиісінше мың транзакция және млрд.тг) |
|||
Жыл |
Қаңтар-желтоқсан |
||
саны |
көлемі |
||
2022 |
барлығы |
43 733,9 |
10 321,6 |
орташа алғанда бір күнде |
177,8 |
42,0 |
|
2023 |
барлығы |
48 220,8 |
10 991,3 |
орташа алғанда бір күнде |
196,8 |
44,9 |
|
Өзгеріс, %-бен |
барлығы |
10,3% |
6,5% |
орташа алғанда бір күнде |
10,7% |
6,9% |