1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылғы 18-25 қараша аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 25 қарашада теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,4%-ға (459,04 теңгеден) әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 465,38 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды, оның ішінде АҚШ ФРЖ Ашық нарықтар жөніндегі комитетінің кезекті отырысы – басты оқиға. Онда қатысушылардың көпшілігі инфляцияға қатысты төмендеу белгілерінің болмауына қарамастан, жақын арада ақша-кредит саясатын күшейту ісінің барынша баяу қарқынын қолдады. Бұл ретте DXY АҚШ долларының индексі 0,91%-ға (106,93-тен 105,96-ға дейін) төмендеді.

Дамушы елдердегі валюталар бағамының АҚШ долларына қатысты[1] динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды жаһандық тәуекел-сентиментінің қалпына келуі және Орталық банктің пайыздық мөлшерлемені 75 б.т. (7%-ға дейін) арттыруы аясында 1%-ға (17,26-дан 17,08-ге дейін) нығайды;
  • Мексика песосы доллардың әлсіреуі және АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің төмендеуі аясында 0,6%-ға (19,44-тен 19,33-ке дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы АҚШ ФРЖ мөлшерлемені күшейту бәсеңдегені туралы белгі берген соң 0,1%-ға (15684-тен 15673-ке дейін) нығайды;
  • түрік лирасы инфляцияның рекордтық мәндері кезінде Орталық банктің есептік мөлшерлемені 150 б.т. (9%-ға дейін) төмендетуіне қарамастан, 0,1%-ға (18,62-ден 18,6-ға дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы өзгерген жоқ (81,69 деңгейінде қалды);
  • Ресей рублі мұнай бағасын белгілеудің төмендеуі аясында 0,2%-ға (60,4-тен 60,5-ке дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы салық-бюджет саясатын жеңілдетудің болашағына деген алаңдаушылық аясында 0,4%-ға (5,38-ден 5,4-ке дейін) әлсіреді.

[1] АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан барынша көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға