Қазақстан Ұлттық Банкі

Базалық мөлшерлеме Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының негізгі құралы болып табылады. Базалық мөлшерлеменің деңгейін белгілей отырып, Ұлттық Банк ортамерзімді кезеңде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша мақсатқа қол жеткізу үшін ақша нарығының таргеттелетін банкаралық қысқамерзімді мөлшерлемесінің нысаналы мәнін айқындайды.

Банкаралық қысқа мерзімді ставканың нысаналы мәнін сипаттайтын операциялық бағдар TONIA индикаторы болып табылады.  TONIA  – Қазақстан қор биржасында автоматты РЕПО секторында жасалған РЕПО ашылу мәмілелері бойынша бір жұмыс күні мерзімге орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме.

Базалық мөлшерлеменің өзгеруі ақша нарығының пайыздық мөлшерлемелері және айырбастау бағамы арқылы инфляция деңгейіне әсер етеді. Мысалы, базалық мөлшерлемені көтеру ақша нарығының пайыздық мөлшерлемелерінің өсуіне, одан кейін қаржа нарығындағы қаражаттың қымбаттауына апарады, бұл, өз кезегінде, халықтың және кәсіпорындардың тұтынуға және жинақтауға қатысты шешім қабылдауына ықпал етеді. Тұтынудың төмендеуі және жинақтардың артуы инфляцияға төмендету әсерін тигізеді. Оның үстіне, базалық мөлшерлеменің өсуі ұлттық валюта бағамының нығаюына ықпал етеді, бұл, өз кезегінде инфляцияға төмендету әсерін тигізеді.

Базалық мөлшерлеменің өзгеруі Ұлттық Банктің бағалауы бойынша орта мерзімді кезеңде – 12 ай шегінде инфляцияға әсер етеді, қысқа мерзімді кезеңде оның әсері шектеулі.

Ұлттық Банк алдын ала белгіленген кестеге сәйкес базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдайды .

Жоғарыға