Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15.30-дағы жағдай бойынша қор биржасында қалыптасқан теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа алынған биржалық бағамы сауда-саттық жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінде ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты ресми бағамы ретінде белгіленеді.

Теңгенің қалған валюталарға қатысты бағамы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 16.00-дегі жағдай бойынша қалыптасқан кросс-бағамдар арқылы есептеледі.

Ұлттық Банк белгілейтін нарықтық және ресми бағамдар 6 қаңтардан бастап 1 ақпан аралығындағы кезеңде бағамдарды есептеу схемасымен айрықшаланды. Нарықтық бағам Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 11:00-дегі жағдай бойынша биржаның таңғы (негізгі) сессиясында қалыптасқан теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа алынған биржалық бағамы ретінде қалыптасты, қалған валюталарға қатысты сағат 15.00-де қайта есептеу жүргізілді, ал ресми бағам 2 сессияның (таңғы және күндізгі сағат 15.30 жағдай бойынша) қорытындылары бойынша қалыптасты және сағат 16.00-де басқа валюталарға  қатысты қайта есептеу жүргізілді. 

Ресми және нарықтық бағамдар бойынша бағамдарды есептеу схемасы 2016 жылғы 2 ақпаннан бастап бірдей, осыған байланысты файл да 2016 жылғы 6 қаңтарға дейінгі сияқты бұрынғы режімде қалыптасады.  2016 жылғы 6 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 ақпан аралығындағы кезеңдегі нарықтық бағамы бар мұрағатты  «Статистика» - «Валюталар бағамдары» - «Валюталардың күн сайынғы нарықтық бағамдары (мұрағат)» бөлімінде таба аласыз.

Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына сәйкес http://nationalbank.kz Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында көрсетілген шетел валюталардың ресми бағамы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабарламасы деп саналады және қосымша ретінде жазбаша растауды талап етпейді.

Жоғарыға