Қазақстан Ұлттық Банкі

Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеу гранттарын беруге ізденушілерді конкурстық іріктеу нәтижесі туралы хабарлайды.

2022 жылғы 31 мамыр – 2022 жылғы 14 шілде аралығында өтініш берушілерден мынадай тақырыптар бойынша өтінімдер қабылданды:

1) Туынды қаржы құралдарының нарығы: даму бойынша кедергілер мен шаралар;

2) Цифрлық қаржы экожүйелері: халықаралық тәжірибеге сәйкес қажетті реттеу өзгерістері.

Осы кезеңде 2 өтінім келіп түсті, оның ішінде 1 өтінім талаптарға сәйкес келуі тексерілгеннен кейін сараптамалық бағалауға жіберілді. Гранттар беру жөніндегі комиссия тәуелсіз рецензенттердің қорытындыларын ескере отырып, өтінімді жан-жақты және объективті қарау нәтижесі бойынша грант бөлмеу туралы шешім қабылдады.

Жақын арада Ұлттық Банк зерттеу гранттарына ізденушілерді кезекті конкурстық іріктеуді жариялайды.

Жоғарыға