Қазақстан Ұлттық Банкі

Гранттар экономикалық зерттеулерді дамыту, академиялық қоғамдастықтың ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық және Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басқа бағыттары саласындағы ғылыми әлеуетін жұмылдыру мақсатында беріледі.

2021 жылғы 10 тамызда жарияланған конкурстық іріктеу шеңберінде 44 өтінім келіп түсті, оның 34-і талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін сараптамалық бағалауға жіберілді. Әрбір өтінімді екі тәуелсіз рецензент және зерттеудің тиісті тақырыбына бастамашылық жасаған ҚҰБ бөлімшесі қарады. Жоғары оқу орындарының оқытушылары және ғылыми және талдамалық жарияланымдары, ғылыми дәрежесі немесе зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі бар зерттеушілер тәуелсіз рецензент болды.

Құрамына Ұлттық Банктің қызметкерлері мен тәуелсіз қатысушылар кіретін Гранттар беру жөніндегі комиссия тәуелсіз рецензенттердің және Ұлттық Банк бөлімшелерінің қорытындыларын ескере отырып, өтінімдерді жан-жақты және объективті қарау нәтижесі бойынша мынадай грант алуға арналған өтінімдерді мақұлдау туралы шешім қабылдады:

Зерттеу тақырыбы

Ізденуші

Алынған грант шеңберінде жүргізілген зерттеулер нәтижесі

Орталық банктің тәуелсіздігі және инфляция бойынша мақсатқа жету

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

 

Бюджеттік шығыстар: циклдық күтпеген өзгерістер мен фискалдық мультипликаторлар

«Центр исследований
прикладной экономики (Applied
Economics Research Centre)» ЖШС

 

Импортты алмастыру және әртараптандыру бойынша шаралардың нәтижелілігін талдау

М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ

 

Үй шаруашылықтарының борышы, гетерогенділігі және қаржылық тұрақтылығы

Қазақстан-Британ техникалық Университеті

Жүргізілген зерттеу нәтижесі

Үй шаруашылықтарының борышы, гетерогенділігі және қаржылық тұрақтылығы

«Центр исследований
прикладной экономики (Applied
Economics Research Centre)» ЖШС

Сегменттелген еңбек нарығы: біліктілікке сұраныстың циклдік икемділігі

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ

Жүргізілген зерттеу нәтижесі

Қазақстандағы жеке капитал нарығы, оны дамыту перспективалары

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

 

Бағалы қағаздар нарығында білікті және біліктілігі жоқ инвесторларды қорғау тетіктері: инвесторлардың тәуекел бейіні мен біліктілігін бағалау қағидаттары, әдістері мен оған қойылатын талаптарды қоса алғанда, Еуроодақ заңнамасының тәжірибесі

Алматы Менеджмент Университеті

Жүргізілген зерттеу нәтижесі 

 

Жоғарыға