10 000 ТЕҢГЕЛІК «ЕҢ ҮЗДІК ЖАҢА БАНКНОТ»
Банкноттарды жасау, қолдан жасаудан қорғау және айналысқа енгізу мәселелеріне арналған және IACA (International Association of Currency Affairs) – Валюталық мәселелер жөніндегі халықаралық үкіметтік емес ұйым өткізіп отырған Currency Conference 2007 халықаралық валюта конференциясының шеңберінде конкурс ұйымдастырылған болатын, оған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі банкноттармен қатысты.
«Ең үздік жаңа банкнот» номинациясында бірінші орын қазақстандық 10 000 теңгелік банкнотына берілді. 2006 жылғы қарашада шығарылған жаңа сериялы банкноттардың бірегей дизайны, күрделі және жоғары қорғалу деңгейі атап өтілді.