10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТ 2011 ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК БАНКНОТЫ
Халықаралық банкнот қауымдастығы (IBNS) конкурсының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған, номиналы 10 000 теңгелік қазақстандық банкнот «2011 жылдың ең үздік банкноты» номинациясында жеңіп шықты.
Банкноттың дизайнын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дизайнерлері жасады. Марапаттың маңыздылығы: жеңімпазды таңдауды қандай да болмасын банкнотты ілгерілетуге мүдделі емес адамдардың жүзеге асыруында және ол банкноттың дизайнын эстетикалық қабылдауға, басып шығару сапасына және қолдан жасаудан қорғаудың қолданылған тәсілдеріне негізделеді.