«ВИЧЕНЦА НУМИЗМАТИКА - 2014» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЛДЕСІ» ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2014 жылғы 14 ақпанда Виченца қаласында (Италия) «Vicenza Numismatica - 2014» монета өнімінің халықаралық конкурсының қорытындылары бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Республика игілігі» сериясындағы «Байқоңыр» ескерткіш күміс монетасы 2012 жылы соғылған "Ең үздік монета" ретінде осы беделді конкурста екінші жүлдеге ие болды.
Мұндай жоғары марапат символдық объектілерді бірегей әзірлегені және жоғары технологиялық өндірісте бірегей тұрғыдан қолданылатын күміс пен танталды шебер үйлестіргені үшін берілді. Бұл монета ғарышты және әлемдегі ең әйгілі ғарыш алаңдарының бірі «Байқоңыр» ғарыш айлағын зерттеудегі маңызды жетістіктерді паш етеді.