МОНЕТА САРАЙЛАРЫ ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ 28-ШЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2014 жылғы 14 мамыр аралығында Мексиканың астанасы Мехико қаласында Монета сарайлары директорларының 28-шы конференциясы өтті, онда монеталар конкурсы өткізілді. Монета сарайлары директорларының конференциясына мүшелердің жасырын дауыс беруімен шығарылған шешімімен Қазақстанның «Алма отаны» коллекциялық күміс монетасына екі бас жүлде  берілді: «2014 жылда ең əдемі монета».

«Қазақстан – ғаламшардағы алма  отаны» – Оксфордтағы британ ғалымдары біздің «жабайы» және басқа жемістер сорттарының ДНҚ зерттеп, осы тұжырымға келді. АҚШ, Канада және басқа мемлекеттердің ғалымдарымен бірлесіп олар әлемде кеңінен белгілі сорттардың негізінде қазақстандық жабайы алманың гендері жатқанын дәлелдеді.

Жоғарыға