«МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2014» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2014 жылғы 18 қыркүйекте Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) «Монета жұлдыздары - 2014» ескерткіш монеталардың сегізінші халықаралық конкурсының жеңімпаздарын және дипломанттарын марапаттау рәсiмi өтті. «Кәдесый монета» номинациясында бірінші орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ұсынған «Алма отаны» күмiс монетасы жеңіп алды.
«Бірегей технология» номинациясында үшінші орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ұсынған «МИР» «Халықаралық ғарыш станциясы» биколорлы күмiс монетасы жеңіп алды.