МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2015» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2015 жылғы 25 маусымда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) «Монета жұлдыздары - 2015» ескерткіш монеталардың тоғызыншы халықаралық конкурсының жеңімпаздарын және дипломанттарын марапаттау рәсiмi өтті.

«Жыл монетасы» номинациясында үшінші орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ұсынған «Ана» күміс монетасы жеңіп алды. «Ана» – монеталарда адамзатқа ортақ құндылықтарды көрсетуге және оларды адамнан адамға, жүректен жүрекке өзіндік бағдар ретінде жеткізуге арналған серияның алғашқы монетасы.

Жоғарыға