«МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2016» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2016 жылғы 22 қыркүйекте Мәскеу қаласында «Монета жұлдыздары – 2016» Оныншы халықаралық ескерткіш монеталары конкурсының жеңімпаздарын және дипломанттарын марапаттау рәсімі өтті.

Ұйымдастыру   комитетінің 2015 жылы шығарылған монеталар сериясына арнайы жүлдесін Ұлттық Банк және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Теңге сарайы алды. «Қазақстанның ескерткіш монеталарының өзіндік қайталанбас стилі бар, сондықтан да олар монета нарығында сұранысқа ие. Ұлттық Банктің дизайнерлері және Теңге сарайының мамандары тамаша нәтижеге қол жеткізе отырып, өздерінің күш-жігерін және талантын барынша жұмсайды: қазақ монеталары әрдайым қызықты дизайнымен, жоғары дайындалу сапасымен және инновациялық технологияларды пайдаланумен ерекшеленеді».

Жоғарыға