«IACA EXCELLENCE IN CURRENCY 2017 COIN AWARDS» КОНКУРСЫНЫҢ ФИНАЛИСТЕРІ
2017 жылғы 24 қазанда Варшавада, «The Coin Conference – 2017» халықаралық валюта конференциясын өткізу шеңберінде IACA Excellence in Currency 2017 Coin Awards ақтық мәреге қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.«Ғарыш» сериясынан тантал орнатылған «Венера-10» күміс монетасы «Best coin innovation» номинациясында ақтық мәреге шықты. «Венера-10» ғарыш аппаратын 1975 жылғы 14 маусымда «Протон» ракета тасымалдағышы жіберді. 1975 жылғы 25 қазанда «Венера-10» автоматты станциясының аппараты «Венера-9» аппаратының қону нүктесінен 2200 км қашықтықта планетаның жарық түсетін жағына сәтті қонды. Аппараттан Жерге Венера бетінің телевизиялық бейнелері берілді. «Венера-10» станциясының орбиталық бөлігі Венераның айналасындағы орбитаға шықты.
«Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Күлтегін» күміс монетасы «Best new commemorative coin or test coin» номинациясында ақтық мәреге қатысты. Күлтегін (685ж. – 731ж.) – көптеген көшпелі халықтардың басын біріктірген түркі халқының даңқты әскери қолбасшысы. Оның құрметіне үлкен обалар кешені салынған, оның маңызды бөлігін бірқатар балбал тастар құрайды. Күлтегіннің эпитафиясын – VIII ғасырдағы түркі руникалық жазбасының ескерткішін 1889 жылы Орхон өзенінің (Моңғолия) бойынан Кошо-Цайдам даласында Н.М. Ядринцев тапты. Жазбалардың сырын 1893 жылы дат ғалымы, профессор Вильгельм Томсен ашты. Ескерткіште құнды тарихи мәліметтер мен баға жетпес лингвистикалық материал бар.