«МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2017» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2017 жылғы 22 қыркүйекте Мәскеу қаласында «Монета жұлдыздары – 2017» Он бірінші халықаралық ескерткіш монеталары конкурсының жеңімпаздарын және дипломанттарын марапаттау рәсімі өтті.

«Кәдесый монета» номинациясында екінші орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ұсынған «Сиқырлы нышандар» сериясындағы  «Таға» күмiс монетасы жеңіп алды. «Сиқырлы нышандар» монеталар сериясынан «Таға» ескерткіш күміс монеталары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «SKARBIEC KORONNY SA» акционерлік қоғамы және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы Монеталар шығару және сату туралы келісімге сәйкес дайындалды.

Жоғарыға