1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банктің зерттеу гранттары - 2021

Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсынуға ізденушілерді конкурстық іріктеу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсынуға ізденушілерді конкурстық іріктеу туралы хабарлайды.

Зерттеулерді жүргізу үшін гранттар беру мақсаты - экономикалық зерттеулерді дамыту, ақша-кредит саясаты және қаржылық тұрақтылық саласындағы академиялық қоғамдастықтың ғылыми әлеуетін жұмылдыру, ақша-кредит саясаты, қаржы тұрақтылығы және Ұлттық Банк қызметінің басқа да бағыттары мәселелерінде жұртшылықтың хабардар болуын арттыру.

Гранттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 қаулысымен бекітілген Гранттар беру қағидаларында белгіленген.

Конкурстық іріктеуге қатысуға:

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметті, зерттеу қызметін, ғылыми қызметті немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы деректерді жинау, сақтау және компиляциялау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;

- таратылу немесе банкроттық процесінде болмаған заңды тұлғалар (бұдан әрі – ізденушілер) жіберіледі.

Ізденушілерді конкурстық іріктеу мынадай зерттеу тақырыптарында өтеді:

  1. Орталық банктің тәуелсіздігі және инфляция мақсатына жету
  2. Фискалдық саясатқа негіздемелік көзқарас
  3. Бюджет шығысы: циклдік күтілмеген өзгерістер және фискалдық мультипликаторлар
  4. Өтімділікті шұғыл ұсыну тетіктері
  5. Импортты алмастыру және әртараптандыру жөніндегі шаралардың нәтижелілігін талдау
  6. «Жанды бағалар»: қызмет инфляциясы мониторингінің баламалы әдістері
  7. Үй шаруашылықтарының борышы, гетерогендік және қаржылық тұрақтылық
  8. Сегменттелген еңбек нарығы: біліктілікке сұраныстың циклдік икемділігі
  9. Туынды қаржы құралдарының нарығы: даму бойынша кедергілер мен шаралар
  10. Қазақстандағы жеке капитал нарығы, оның даму перспективалары
  11. Бағалы қағаздар нарығында білікті және біліктілігі жоқ инвесторларды қорғау тетіктері, инвестордың тәуекел бейіні мен біліктілігін бағалауға қойылатын қағидаттарды, әдістерді және талаптарды қоса алғанда, Еуроодақ заңнамасының тәжірибесі
  12. Қор нарығының өтімділігі мен тереңдігін арттыру тетіктері: халықаралық тәжірибе және Қазақстан жағдайындағы имплементация
  13. Реверсивті аннуитеттер егде жастағы адамға ұзақ мерзімді күтіп-бағу бойынша өмір бойғы төлемдердің көзі ретінде. Қазақстан Республикасының жағдайлары үшін экономикалық-математикалық модельді құру
  14. Solvency II тәуекелге бағдарланған моделінің еуропалық тұжырымдамасын және C-ROSS тәуекелдерін бағалаудың қытайлық моделін салыстырмалы талдау, сондай-ақ оларды Қазақстанның сақтандыру нарығына зерттеудің математикалық имплементациясы

Гранттарды берудің жалпы сомасы 150,0 млн теңгені құрайды. Бұл соманы бөлу өтінімдердің болуына, сапасына және негізділігіне байланысты болады.

Ұлттық Банк өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша зерттеудің бір тақырыбы бойынша біреуден артық грант беру не зерттеулердің кейбір тақырыптарын грантсыз қалдыруға құқылы.

Конкурстық құжаттамада және оның қосымшаларында хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыптарының тізімі, зерттеулерге қойылатын талаптары, ізденушілердің іріктеуін жүргізу шарттары, Ұлттық Банк бөлімшелерінің жауапты тұлғаларының байланыс деректері берілген.

Ізденушілердің өтінімдері Ұлттық Банкке ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде Қазақстан Ұлттық Банкінің Порталы арқылы беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы - 2021 жылғы 10 тамыздан бастап.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі - 2021 жылғы 24 қыркүйек сағат 18:00-де.

133.2 Кб
Жарияланған күні:
38.46 Кб
Жарияланған күні:
103.48 Кб
Жарияланған күні:
43.44 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға