Қазақстан Ұлттық Банкі

4. Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды (біріктіруді, қосуды, бөлуді, бөліп шығаруды, қайта құруды) жүргізуге келісім беру

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы, www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал);  көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Шешім және құжаттардың толық тізбесін тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағазбен.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Келісу нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық /қағазбен.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіру тәсілдері

Қызмет тегін көрсетіледі.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің  - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

2) порталдың – жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

1) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім;

2) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастырудың болжанатын талаптарын, нысандарын, тәртібін және мерзімдерін сипаттайтын құжаттар;

3) қайта ұйымдастырылатын төлем ұйымдарының атқарушы органдарының басшылары қол қойған қосу (біріктіру) туралы шарт;

4) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудиторлық есеп;

5) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қызметті жүзеге асыру қағидалары.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған атқарушы органының басшысы «Төлемдер және төлем жүйелері» Заңының 19-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;

2) төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыру төлем қызметтерін нарығын бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтірген, сондай-ақ төлем қызметтерін алушылардың мүдделеріне зиян келтірген болса.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар 

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда және көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу үшін қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қол жеткізуге болады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Жоғарыға