1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстанда 2023 жылдың аяғына қарай инфляция бәсеңдейді – Ұлттық Банк

2023 жылдың аяғына қарай Қазақстандағы инфляция базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылдану жағдайында ағымдағы деңгейден 7,5-9,5 пайызға дейін төмендейді. Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Инфляция, біздің болжамдарымыз бойынша, базалық мөлшерлеме бойынша қабылданатын шешімдер, контрциклдік фискалдық ережені жоспарлы түрде жүзеге асыру, сыртқы инфляциялық қысымды кезең-кезеңмен төмендету аясында 2023 жылдың аяғына қарай ағымдағы деңгейден 7,5-9,5 пайызға дейін бәсеңдейді», ​​– деді Баймағамбетов Үкімет отырысында.

Спикердің айтуынша, қазір Ұлттық банкте кезекті болжам жасау раунды өтіп жатыр, оның қорытындысы биыл 5 қыркүйекте жарияланады.

Орта мерзімді перспективада жаңа сілкіністер болмаған жағдайда инфляция 2024 жылдың аяғына қарай мақсатты дәлізге жақындайды, деп қосты Баймағамбетов.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Жоғарыға