http://nationalbank.kz

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңіс монетасын жаса!» конкурсы туралы ережені бекіту туралы

жарияланым күні: 11/11/2019 өзгерту күні: 11/11/2019 11:21

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің

Төрағасы орынбасарының

2019 жылғы « 08» қарашадағы

№ 458  бұйрығымен

Бекітілген

 

 

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ

75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН

«ЖЕҢІС МОНЕТАСЫН ЖАСА!» КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1. Қазақстан Республикасында 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) «ЖЕҢІС МОНЕТАСЫН ЖАСА!» ашық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) жариялайды.

1.2. Конкурс жария болып табылады.

1.3. Конкурстың мақсаты ел тұрғындарын номиналы 500 және 100 теңгелік «Жеңіске 75 жыл» ескерткіш монеталарының дизайнын жасауға тарту болып табылады.

1.4. Осы Ереже Конкурсты өткізу тәртібі мен талаптарын, конкурстық суреттерге қойылатын техникалық талаптарды, оларды бағалаудың негізгі өлшемшарттарын, сондай-ақ жеңімпаздың жүлдесін және оны таңдау тәртібін айқындайды.

 

2. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ТАЛАПТАРЫ    

 

2.1. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі және Қолма-қол ақша айналысы департаменті Конкурсты ұйымдастыру және өткізу бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.

2.2. Конкурстың тақырыбы  –  «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 75 жылдығы».

2.3. Конкурстың нысанасы творчестволық суреттер (бұдан әрі – Сурет) болып табылады.

2.4. Конкурсты өткізу мерзімдері – 2019 жылғы 11 қараша – 25 қараша аралығы. Конкурстың қорытындыларын шығару – 2019 жылғы 25 қараша – 2 желтоқсан аралығы. Жеңімпаздар 2020 жылғы 5 мамырдан кешіктірілмей марапатталады.

2.5. Қатысуға қандай да бір шектеусіз Қазақстанның барлық азаматтары жіберіледі.

2.6. Конкурста жеңімпаз болған Суреттердегі бейнелер монеталардың дизайнын әзірлеген кезде пайдаланылуы мүмкін.

2.7. Бір қатысушыдан бір Суреттен артық қабылданбайды

2.8. Конкурсқа ұсынылған әрбір Суретке жеке нөмір коды беріледі, оған Суреттің нөмірі және оның Ұлттық Банкке келіп түскен күні кіреді. Осылайша, Суретті бағалайтын Конкурстық комиссия мүшелерінің жеңімпазды таңдаған кезде автор туралы ақпараты болмайды.

2.9. Конкурсқа жіберілген суреттер қайтарылмайды.

2.10. Суретке авторлық (жеке мүліктік емес) құқықтар Конкурсқа қатысушыда сақталады.

2.11. Суретті ұсыну Конкурсқа ұйымдастырушының Суреттің түпнұсқасын немесе оның көшірмесін кез келген тәсілмен пайдаланылуы мен таратылуына, оның ішінде Суреттің Интернет желісінде, Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерде және басқа да ресурстарда орналастырылуына автордың сөзсіз келісімін білдіреді.

2.12. Қатысушы не оның заңды өкілі (ата-анасы немесе қамқоршылары) үшінші тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарының сақталуына кепілдік береді және авторлық құқықтар (жеке мүліктік емес не мүліктік (айрықша) құқықтар) бұзылған кезде олардың алдында дербес жауапкершілік атқарады.

Конкурсты ұйымдастырушы авторлық құқықтардың бұзылуына байланысты проблемалық жағдайлар туындаған жағдайда жауапкершілік атқармайды, ал Суретке үшінші тұлғалардың құқықтары бар суреттер Конкурсқа  қатысудан шығарылады.

2.13. Конкурсқа қатысуға өтінімдер және конкурстық Суреттер 050040, Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21-үй мекенжайы бойынша Ұлттық Банктің орталық аппаратына немесе тұрғылықты жері бойынша Ұлттық Банктің филиалдарына «Жеңіске 75 жыл» белгісімен жіберіледі.

Анықтама  үшін телефон: +7 (727) 2 596 814, +7 (727) 2 704 998.

 

3. КОНКУРСТЫҚ СУРЕТТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

 

3.1. Суретті Конкурсқа жіберген кезде тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жасын, тұрғылықты мекенжайын, жұмыс орнын (бар болса), оқу орнын (мектеп, лицей, гимназия және т.с.) және басқа байланыс деректерін (телефоны, e-mail және т.с.) көрсету қажет.

3.2. Суреттер мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

Суретте бейнеленген монета дөңгелек пішімді болуға тиіс (сурет монета пішімінің ішінде бейнеленуге тиіс);

Сурет JPG, PDF, BMP форматында, 1 МБ аспайтын мөлшерде не А4 форматында қағаз тасымалдағышта ұсынылады және Times New Roman 14 қарпімен бір беттен аспайтын көлемде түсіндірме жазбасы қоса берілуге тиіс.

Аппликацияларға, түрлі көркемдік техникаларды пайдалануға жол беріледі.

3.3. Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін Суреттер Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

          

4. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

 

4.1. Конкурсқа қатысуға қандай да бір шектеусіз Қазақстанның барлық азаматтары жіберіледі.

4.2. Конкурсқа жекелеген қатысушының Суреті, сол сияқты екі немесе одан көп адамның нәтижесі болып табылатын ұжымдық Сурет ұсыныла алады.

4.3. Ұлттық Банктің қызметкерлері және оның үлестес тұлғалары Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

 

 

5. КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ

 

  5.1. Конкурстық комиссияның құрамына:

- Ұлттық Банктің басшылығы;

- Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшелерінің – Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметінің, Қолма-қол ақша айналысы департаментінің, Адам капиталын дамыту департаментінің өкілдері кіреді.

5.2. Конкурстық комиссия комиссия Төрағасынан, Төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады.

5.3. Конкурстық комиссия қызметіне басшылық ететін, сондай-ақ Конкурс өткізуді ұйымдастыруға жауапты болып табылатын Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Конкурстық комиссия төрағасы болып табылады.

5.4. Қолма-қол ақша айналысы департаментінің құрылымдық бөлімшесі басшысының бірі конкурстық комиссия төрағасының орынбасары болып табылады.

5.5. Конкурстық комиссияның жұмысын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті функцияларды орындайтын Қолма-қол ақша айналысы департаменті Банкноттар мен монеталар дизайны басқармасының  қызметкері Конкурстық комиссияның хатшысы болып табылады.

5.6. Конкурстық комиссия отырысы және Конкурстың қорытындыларын шығару осы Ереженің 2.4-тармағында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

Конкурстық комиссия отырысында хаттама жүргізіледі, оған конкурстық комиссия Төрағасы, Төрағасының орынбасары және мүшелері қол қояды.

5.7. Осы Ереженің 2.8-тармағына сәйкес Суреттерді бағалайтын Конкурстық комиссия мүшелерінің жеңімпазды таңдаған кезде автор туралы ақпараты болмайды.

 

6. СУРЕТТІ БАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ӨЛШЕМШАРТТАРЫ

 

6.1. Суреттің мазмұны және Конкурстың тақырыбына сәйкес келуі.

6.2. Идеяның бірегейлігі.

6.3. Шығармашылық ойы.

6.4. Суреттің көркемдік деңгейі.

 

7. ЖҮЛДЕЛЕР ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДЫ ТАҢДАУ ТӘРТІБІ

 

7.1. Конкурстық комиссия Жеңімпаздарды үш номинацияда анықтайды:

1. «Үздік идеялық шешім»

2. «Үздік көркемдік бейнелену»

3. «Бірегей тұжырымдама»

7.2. Конкурстың жеңімпаздары Конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен таңдалады. Жеңімпаздарды таңдау туралы шешім қабылданған кезде дауыстар тең келген жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

7.3. Конкурстың жеңімпаздарына: кәдесый орауындағы монета, монета салынған блистер – Ұлттық Банк Төрағасы қол қойған сертификат тапсырылады.

7.4. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурс жеңімпаздарының аттары мен фотосуреттерін, жеңімпаздарды марапаттау бойынша бейнежазбаларды бұқаралық ақпарат құралдарында (әлеуметтік желілерде және өзге де ақпараттық ресурстарда) пайдалану құқығын өзіне қалдырады