http://nationalbank.kz

«Kompetenz» Сақтандыру компаниясы» АҚ-на кандидаттарды іріктеу бойынша хабарландыру

жарияланым күні: 31/10/2019 өзгерту күні: 04/11/2019 13:49

«Kompetenz» Сақтандыру компаниясы» АҚ-на кандидаттарды іріктеу бойынша хабарландыру

2019 жылғы 31 қазан

 

«Қазақстан Ұлттық Банкі Алматы, Астана, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Семей, Тараз, Өскемен, Орал және Шымкент қалаларында «Kompetenz» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамын тарату комиссиясының төрағасы және мүшесі қызметтеріне кандидаттарды iрiктеу іс-шараларын өткізуде.

Кандидаттар жоғары экономикалық немесе заң бiлiмi немесе бухгалтерлік есеп пен аудит саласында жоғары білімі болуы, қаржы ұйымдарын және басқа заңды тұлғаларды тарату тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бiлуі тиiс.

Кандидаттарға қойылатын талаптар және олар ұсынатын құжаттардың тiзбесi Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 190 Қаулысымен бекiтiлген Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату Ережесімен және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын Талаптарымен белгiленген.

«Kompetenz» СК» АҚ тарату комиссиясының төрағасын және  мүшелерін тағайындау туралы өтiнiші мен қосымша құжаттарын 2019 ж. «11» қарашаға дейін Ұлттық Банкке Алматы қаласы, Көктем-3, 21 үй мекен-жайына ұсынуы тиiс.

 

 

Толығырақ ақпаратты төмендегі телефон нөмірі бойынша алуға болады:

+7 (727) 2 788 104 (ішкі 5551)

+7 (727) 2 788 052

e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz