http://nationalbank.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

жарияланым күні: 28/03/2019 өзгерту күні: 28/03/2019 16:15

Досаев Ерболат Асқарбекұлы

1970  жылғы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1987 жылы – Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірді.

Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.

1997 ж. – «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма Төрағасы;

1998 ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі;

1998 ж. – Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

2000 ж. – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

2001 ж. – Қазақстанның Даму банкі Директорлар кеңесінің Төрағасы;

2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы;

2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі;

2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

2006-2012 жж. «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы;

2012 жылғы 25 қыркүйектен  бастап – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.

2013 жылғы 16 қаңтардан  бастап – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 

2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (№ 880) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. 

2015 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (№ 5) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды. 

2016 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды.

2016 жылғы мамырдан бастап 2017 жылғы тамыз аралығында – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы.

2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 856 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалды.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.