Размер шрифта :
A
A
A
Цвета :
Ц
Ц
Ц
Ц
link
ҚАЗ РУС ENG Обычная версия
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

2000 теңге

2012 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 2000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

              

Айналысқа енгізілген күні: 29.03.2013

Өлшемі: 139х73 мм

Бет жағы: басым түсі – ашық жасыл. Негізгі бейнелері – «Қазақ Елі» монументі (Астана қ.), киіктің стильдендірілген суреті, ұшып келе жатқан көгершіндер,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түсі – қою жасыл. Негізгі бейнелері – Ертіс өзені бейнеленген Қазақстан картасының сұлбасы, стильдендірілген киіз үй, мемлекеттік тудың бөлігі.

 

2011 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ VII ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 2000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

       

Айналысқа енгізілген күні: 17.01.2011

Өлшемі: 139х73 мм

Таралымы: 20 000 000

Бет жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнелері – «Бәйтерек» монументі (Астана қ.), ашық алақан, қола дәуірінің жартастағы бейнесі, мемлекеттік әнұранның ноттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнесі – тау аясындағы шаңғышы және VII Қысқы Азия ойындарының нышаны.

 

2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 2000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

             

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.2006

Өлшемі: 139х73 мм

Бет жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнелері – «Бәйтерек» монументі (Астана қ.), ашық алақан, қола дәуірінің жартастағы бейнесі, мемлекеттік әнұранның ноттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнелері – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимараты (Алматы қ.), Қазақстан картасының сұлбасы.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 210 қаулысына сәйкес 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар 2016 жылғы 4 қазаннан бастап ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2020 жылғы 3 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбасталды. 

 

2000 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 2000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

       

Айналысқа енгізілген күні: 02.11.2001

Өлшемі144х69 мм

Бет жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті. Қосымша қорғаныш элементтер («2000» саны бар металсыздандырылған жіп, алтын интаглио, сондай-ақ банкнотты қарау бұрышына байланысты пайда болатын, ою-өрнектің ішіндегі  «2000» саны) қолданылған.

Сырт жағы: басым түстері – жасыл және қоңыр. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 2000 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. 2018 жылдың 14 қарашасында бұл банкноттарды қабылдау аяқталды.

 

1996 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 2000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

      

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1996

Өлшемі: 144х69 мм

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 29 қыркүйектегі № 377 қаулысына сәйкес 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды айырбастау 2013 жылғы 30 қазанда аяқталды.  

 

 


  
20000 теңге
10000 теңге
5000 теңге
2000 теңге
1000 теңге
500 теңге
200 теңге
1993 жылғы үлгідегі банкноттар
1993 жылғы үлгідегі қағаз тиындар
Ұлттық валюта – теңге банкноттарының қорғаныш элементтері
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018