Размер шрифта :
A
A
A
Цвета :
Ц
Ц
Ц
Ц
link
ҚАЗ РУС ENG Обычная версия
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  
жарияланым күні: 25.12.2018

Банк омбудсманының қызметі

Банк омбудсманы – ипотекалық қарыз алушылар мен екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында ипотекалық қарыз шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асырушы, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға.

Банк омбудсманы тараптардың кездесулер өткізу және ипотекалық қарыз шарттары бойынша міндеттемелерді орындау талаптарын өзгертуге қатысты қарыз алушы жеке тұлғалардың өтініштері бойынша ұсынымдарды беру арқылы өзара тиімді шешімге қол жеткізуге көмек көрсетеді.

Бұл ретте банк омбудсманы:

1)    соттың қарауына қабылданған және (немесе) олар бойынша заң күшіне енген соттың шешім бар;

2)    өтініш жасаушы адам ипотекалық қарыз шарты аясында туындаған жағдайды реттеу мақсатында өзінің банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға өтініш жасағанының жазбаша дәлелдемесін ұсынбаған;

3)    істің жаңа мән-жайы болмаған кезде қайтадан жіберілген;

4)    сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ипотекалық қарыз шарты бойынша өтініштерді қарамайды.

Банк омбудсманының шешімі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін міндетті, егер оны қарыз алушы қабылдаған жағдайда.

Мүдделі тарап банк омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда өзінің құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Банк омбудсманы банктер мен ипотекалық қарыз алушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуді ӨТЕУСІЗ жүзеге асырады.

2013 жылғы 12 шілде айында банк омбудсманы болып Сиырбаев Ерсерік Дәменұлы тағайындалды.

Банк омбудсманының қызметі туралы толық ақпаратты www.bank-ombudsman.kz сайтынан, электронды почта бойынша office@bank-ombudsman.kz алуға болады, орналасқан жері: 050000, Алматы қ., Н. Назарбаев д-лы, 175, 302 кеңсе, тел: +7 (727) 261-22-16, +7 (727) 983-30-16,  +7 (708) 983-30-16.

 

Сақтандыру омбудсманының қызметі

Сақтандыру омбудсманы:

1. көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын сақтандырушылар арасындағы;

2. көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын сақтанушылар (пайда алушылар) мен сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуді жүзеге асырушы, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға.

Сақтандыру омбудсманының сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасындағы өзара қарым-қатынастар жөніндегі шешімі сақтандырушы үшін міндетті, егер оны сақтанушы (пайда алушы) қабылдаған жағдайда. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда өзінің құқығын қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте сақтандыру омбудсманының шешімін орындау сақтанушы (пайда алушы) үшін міндетті болып табылмайды.

Сақтандыру омбудсманы сақтанушылар (пайда алушылар) мен сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуді ӨТЕУСІЗ жүзеге асырады.

Андрей Викторович Копов 2015 жылы 27 қараша айында Қазақстанның сактандыру омбудсманы болып таңдалды.

Сақтандыру омбудсманының қызметі туралы толық ақпаратты www.omb.kz сайтынан, электронды почта бойынша info1@omb.kz немесе телефон арқылы (727) 382-41-74 алуға болады. Офистің орналасқан жері: Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі, 28/7, 2 қабат, "Бай-Тал" тұрғын үй кешенінің аумағында.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018