link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қызметтерді тұтынушыларға
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Жазылу

  
жарияланым күні: 10.03.2020
(DOC 65,50 KB)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Төрағасының

2020  жылғы «6» наурыздағы 

№ 70 бұйрығымен

бекітілді

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін

жеке қабылдауды ұйымдастыру тәртібі

 

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру тәртібі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы
27 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Ұлттық Банкте жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру рәсімдерін регламенттейді.

2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі – жеке қабылдау) Ұлттық Банктің Төрағасы, оның орынбасарлары, Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары мен орталық аппараты бөлімшелерінің басшылары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесінде (бұдан әрі – Жеке қабылдау кестесі) айқындалған күн мен сағатта жүзеге асырады.

3. Жеке қабылдау кестесі тоқсан сайын тоқсанның алдындағы айдың оныншы күніне дейін жасалады.

4. Ұлттық Банк Төрағасы мен оның орынбасарларының жеке қабылдау кестесін ұйымдастыру жұмысы және бақылау бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті бөлімше) жасайды, Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарларымен келісіледі және Ұлттық Банктің Төрағасына не оның міндетін атқарушы адамға бекітуге ұсынылады.

Ұлттық Банктің орталық аппараты бөлімшелері басшыларының жеке қабылдау кестесін уәкілетті бөлімше жасайды және уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарына бекітуге ұсынады.

Ұлттық Банктің аумақтық филиалы басшысының жеке қабылдау кестесін басшы айқындаған аумақтық филиалдың бөлімшесі (бұдан әрі – жауапты бөлімше) жасайды және Ұлттық Банктің аумақтық филиалының басшысына не оның міндетін атқарушы адамға бекітуге ұсынады.

5. Жеке қабылдауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың тегі, аты және әкесінің аты, қабылдау күні мен сағаты көрсетілген жеке қабылдау кестесі Ұлттық Банктің ғимараттарында көпшіліктің назарына қолжетімді орындарда, сондай-ақ Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

6. Уәкілетті бөлімше (Ұлттық Банктің аумақтық филиалында – жауапты бөлімше) Ұлттық Банктің орталық аппаратында жеке қабылдауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

7. Жеке қабылдауға алдын ала жазылу жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін «egov.kz» порталынан электрондық өтініштер, қағаз форматтағы өтініштер негізінде немесе телефон арқылы күн сайын жүргізіледі, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін.

Жеке қабылдауға алдын ала жазылу мына ақпараттың негізінде жүзеге асырылады:

1) жеке қабылдауға өтініш білдірген адамның (бұдан әрі – өтініш беруші) немесе басқа адамның мүддесінде жеке қабылдауға өтініш білдірген адамның (уәкілетті өкіл) тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

2) өтініш берушінің немесе уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні (оның ішінде өтініш берушінің ЖСН);

3) өтініш берушінің немесе уәкілетті өкілдің телефон нөмірі;

4) өтініш беруші жеке қабылдау кезінде жауап алғысы келетін сұрақтардың тізбесі;

5) өтініш берушінің және уәкілетті өкілдің тұрғылықты жерінің мекенжайы.

Тәртіптің осы тармағында көзделген ақпаратты беруден бас тартқан адамдар жеке қабылдауға алдын ала жазылмайды.

8. Уәкілетті бөлімшенің қызметкері Ұлттық Банктің орталық аппаратында жеке қабылдауға алдын ала жазуды Тәртіптің 7-тармағының талаптарын ескере отырып, өтініш беруші адамға жеке қабылдауға алдын ала жазылатыны туралы хабарлай отырып жүзеге асырады.

9. Ұлттық Банктің орталық аппаратының орналасқан жері бойынша тұратын өтініш берушілерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін жеке қабылдауға алдын ала жазу құзыретіне өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің ақпаратында жазылған мәселелер кіретін Ұлттық Банктің орталық аппаратының тиісті бөлімшесінің басшысына немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалының басшысына жүзеге асырылады.

Проблемалық мәселелерін жедел шешу мақсатында Қазақстанның басқа өңірлерінде тұратын өтініш берушілерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін жеке қабылдауға алдын ала жазу өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің келісу бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалының басшысына жүзеге асырылады.

10. Егер өтініш берушінің өтінішінде жазылған мәселелер құзыретіне жататын лауазымды тұлғаның өтініш берушіні немесе оның өкілетті өкілін жеке қабылдау нәтижесі бойынша олардың мәселелері шешілмеген болса, өтініш беруші немесе оның өкілетті өкілі құзыретіне өтініш берушінің өтінішінде жазылған мәселелер кіретін жоғары лауазымды тұлғаның жеке қабылдауына жазылу үшін уәкілетті бөлімшеге жүгінуге құқылы.

11. Мына адамдар:

1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және өзге заңдарға сәйкес Ұлттық Банктің құзыретіне жатпайтын  мәселелер бойынша;

2) Ұлттық Банк Төрағасы немесе оның орынбасарлары бұрын сол мәселесі бойынша жеке қабылдаған;

3) Ұлттық Банк Төрағасының және (немесе) оның орынбасарларының өтінішке сол мәселе бойынша жауабы бар болғанда;  

4) соттардың немесе құқық қорғау органдарының құзыретіне жататын  мәселелер бойынша;

5) сот актілерін даулау (шағым жасау) немесе соттарда істі қарау мәні болып табылатын мәселелер бойынша жеке қабылдауға жазыла алмайды.

12. Алдын ала жазылу аяқталғаннан кейін уәкілетті бөлімше өтініш берушінің немесе оның өкілетті өкілінің жеке қабылдауға өтініш беру мәніне (мәселелеріне) қарай Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелеріне (аумақтық филиалының бөлімшелеріне) және/немесе ұйымына өтініш берушінің сұрағын (сұрақтарын) жібереді.

13. Ұлттық Банктің орталық аппараты бөлімшелерінің (аумақтық филиалдарының) және/немесе ұйымдарының басшылары материалдарын, хат-хабар алмасуын және өзге де қажетті құжаттарды (бар болса) қоса бере отырып өтініш берушінің сұрақтары бойынша ақпарат дайындауды жүзеге асырады, ол сұрату алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті бөлімшеге ұсынылады.

14. Өтініш берушінің мәселесімен танысқан соң, Ұлттық Банктен осы қаралып жатқан  сұраққа бұрын берілген жауаптың бар-жоғын тексергеннен кейін, уәкілетті бөлімше жеке қабылдауға жазылатын адамдардың тізімін қалыптастырады. 

Тәртіптің 11-тармағында көзделген жағдайларда, уәкілетті бөлімшенің қызметкері өтініш берушілерге тиісті түсіндірмелер береді.

15. Уәкілетті бөлімше жеке қабылдау өткізетін лауазымды тұлғаға өтініш беруші туралы мәліметтерді, оның келген мәселелерін, сондай-ақ Тәртіптің
13-тармағына сәйкес ақпаратты көрсете отырып, жеке қабылдау күніне дейін
1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

16. Жеке қабылдау белгіленген, өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкіліне хабарланған күндер мен сағаттарда кезектілік тәртібімен жүргізіледі. Жеке қабылдаудың күні мен уақыты өтініш берушіге телефон арқылы ол көрсеткен телефон нөмірі бойынша хабарланады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары, оларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран» ордендерімен марапатталған адамдар, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар адамдар ол тәртіпке кірмейді, олар кезектен тыс, Жеке қабылдау кестесіне сәйкес қабылданады.

17. Жеке қабылдау өтініш беруші ұсынған, оның жеке басын куәландыратын құжат негізінде, ал өтініш берушінің атынан басқа адамдар өтініш жасаған кезде – өтініш берушінің мүдделерін білдіруге өкілеттіктерін растайтын құжат негізінде жүзеге асырылады.

18. Егер өтініш беруші немесе оның уәкілетті өкілі оған белгіленген уақытта және мерзімде келмеген болса, жеке қабылдауға қайтадан жазылу Тәртіптің 7-тармағына сәйкес өтініш беруші немесе оның уәкілетті өкілі қайтадан өтініш берген кезде жүзеге асырылады.

19. Тәртіптің 2-тармағына сәйкес жеке қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлғалар, оның ішінде олардың міндеттерін атқаратын адамдар болмаған жағдайда (іссапар, еңбекке жарамсыздық парағы, демалыс және басқасы), жеке қабылдау күні өтініш берушіге хабарлай отырып басқа күнге ауыстырылуы мүмкін не жеке қабылдауды олардың орынбасарлары жүзеге асыруы мүмкін.

 

2. Ұлттық Банк Төрағасының және оның орынбасарларының жеке қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

 

20. Ұлттық Банк Төрағасы мен оның орынбасарларының қабылдауы өтініш берушілер ұсынған құжаттар мен хат алмасу материалдарын зерделеген соң алдын ала жазба бойынша жүзеге асырылады.

21. Ұлттық Банк Төрағасы және оның орынбасарлары жеке қабылдауды Тәртіпте көзделген жағдайларда, бекітілген кестеге сәйкес айына кемінде 1 (бір) рет жүзеге асырады.

22. Жеке қабылдауға Ұлттық Банк Төрағасының және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатыса алады (жеке қабылдау кезінде қарастырылатын мәселелердің мазмұнына қарай). Шетелдік азаматтарды және азаматтығы жоқ тұлғаларды жеке қабылдау кезінде қажет болған жағдайда аудармашы қатыса алады.

23. Ұлттық Банк Төрағасы және оның орынбасарлары жеке қабылдау жүргізген күні уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің әкімшілік ғимаратында кіру режимін ұйымдастыру тәртібін регламенттейтін Ұлттық Банктің құқықтық актісіне сәйкес өтініш берушілердің Ұлттық Банктің орталық аппаратының ғимаратына кіруін қамтамасыз етеді.

3. Ұлттық Банктің аумақтық филиалы басшысының және оның орынбасарларының жеке қабылдау жүргізу тәртібі

 

24. Ұлттық Банктің аумақтық филиалының басшысы, Жеке қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес айына 1 (бір) реттен кем емес жүргізеді.

Ұлттық Банктің аумақтық филиалының басшысы жеке қабылдауды елді мекендерге, кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға шыға отырып жүргізе алады.

25. Өтініш берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің алдын ала жазылуы туралы ақпаратты, аумақтықты ескере отырып, уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің аумақтық филиалына жібереді.

26. Филиалдың жауапты бөлімшесі аумақтық филиал басшысының жеке қабылдауына жазылған тұлғалардың тізімін жасағанда, уәкілетті бөлімше жасаған алдын ала жазылуды ескереді.

Жеке қабылдауға алдын ала жазылу аяқталғаннан кейін Ұлттық Банктің уәкілетті бөлімшесінің ақпаратын ескере отырып, Ұлттық Банктің аумақтық филиалы басшысының жеке қабылдауына жазылған тұлғалардың тізімін жеке қабылдауды жүргізу күніне дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жауапты бөлімше оған құзыретіне өтініш берушінің өтінішінде баяндалған мәселелер кіретін Ұлттық Банктің аумақтық филиалының бөлімшелері өкілдерінің жеке қабылдауында болу қажеттілігін айқындау үшін алдын ала қарауына жібереді.

27. Ұлттық Банктің аумақтық филиалы басшысының жеке қабылдауына өтініш берушілерді алдын ала жазу аяқталғаннан кейін жеке қабылдауға жазылған жеке тұлғалардың тізімі Ұлттық Банктің аумақтық филиалының тиісті бөлімшелерінің басшыларына ақпарат дайындау үшін (қажет болған жағдайда) жіберіледі.

28. Жеке қабылдауға Ұлттық Банктің аумақтық филиалы басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалы бөлімшелерінің өкілдері қатыса алады (жеке қабылдау кезінде қарастырылатын мәселелердің мазмұнына қарай).

29. Ұлттық Банктің аумақтық филиалы жауапты бөлімшесінің қызметкері аумақтық филиал басшысы жеке қабылдау жүргізген күні Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында кіру және объект ішіндегі режимдерін ұйымдастыру тәртібін регламенттейтін Ұлттық Банктің құқықтық актісіне сәйкес өтініш берушілердің Ұлттық Банктің аумақтық филиалының ғимаратына кіруін қамтамасыз етеді.

30. Ұлттық Банктің аумақтық филиалының басшысы жүргізген жеке қабылдаудың қорытындылары бойынша филиалдың жауапты бөлімшесі ақпаратты ай сайынғы негізде уәкілетті бөлімшеге жібереді.

 

4. Жеке қабылдаудан келіп түскен өтініштерді есепке алу, тіркеу және қарау

 

31. Уәкілетті бөлімше (жауапты бөлімше) жеке қабылдау нәтижелерін «Электрондық құжат айналымы» ақпараттық жүйесінде «жеке қабылдауда» белгісін қоя отырып электрондық тіркеу бақылау карточкасын (бұдан әрі – ЭТБК) тіркеу арқылы көрсетеді.

32. ЭТБК-да тиісті деректемелер толтырылады, құжаттар файлдары (бар болса) қоса беріледі және өтініш алушы алған ауызша жауаптың тиісті жазбасы қойылады.

33. Өтініш беруші немесе оның уәкілетті өкілі жеке қабылдаудан кейін өз өтінішін жазбаша нысанда ресімдеген жағдайда, уәкілетті бөлімше (филиалдарда – жауапты бөлімше) жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу үшін белгіленген тәртіппен оны «Электрондық құжат айналымы» ақпараттық жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады.

34. Өтініштерді есепке алуды және жеке қабылдаудан келіп түскен өтініштерді қарау мерзімдерін бақылауды Ұлттық Банктің уәкілетті бөлімшесі (Ұлттық Банк филиалында – жауапты бөлімше) жүзеге асырады.

35. Өтінішті лауазымды тұлға қабылдау кезінде шеше алмаған жағдайда, ол жазбаша нысанда жазылып, онымен жазбаша өтініш ретінде жұмыс жүргізіледі.

36. Жеке қабылдаудан келіп түскен өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтініш берушіге «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде дәлелді жазбаша жауап беріледі.

37. Өтініш берушіге қол қойылған дәлелді жауап жеке қабылдаудан келіп түскен жазбаша өтінішті бақылаудан алу үшін негіз болып табылады.

Лауазымды тұлғаның өтініш берушіге жеке қабылдауда ұсынылған түсініктемесі ауызша өтінішті бақылаудан алу үшін негіз болып табылады .

38. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге тәртібі көзделмесе, жеке қабылдау кезінде берілген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың өтініштері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
БАҚ-пен қарым-қатынас жасауға арналған email: press@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2020