link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Заң департаменті

жарияланым күні: 11.07.2019

 

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) заңдылықты нығайтуға ықпал ету және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін, Ұлттық Банктің, оның бөлімшелерінің және қаржы нарығы субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын дұрыс және біркелкі қолдануын қамтамасыз  ету;
2) Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін, валюталық реттеуді және бақылауды, Қазақстан Республикасы аумағында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібін жетілдіру үшін құқықтық құралдарды белсенді пайдалану;
3) Ұлттық Банктің, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын құқықтық насихаттау және түсіндіру, Ұлттық Банкте, қажеттілігіне қарай, Ұлттық Банк қызметкерлері үшін орталық аппарат бөлімшелері өткізетін семинарлар шеңберінде лекциялар өткізу арқылы жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;      
5) Ұлттық Банкте Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүргізуді үйлестіру;
6) Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын қорытындылау;
7) қаржы нарығындағы қызметті, кредиттік бюролардың, актуарийлердің қызметін лицензиялауды, қаржы ұйымдарын ашуға (құруға) рұқсаттар, қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге, мүлікті бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны аккредиттеуге келісімдер беруді (кері қайтарып алуды) құқықтық қамтамасыз ету;
8) Ұлттық Банктің норма белгілеу қызметіне талдау жасау және талдаулардың нәтижелері бойынша Ұлттық Банк Төрағасына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
9) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының  жобаларын, сондай-ақ заң сипатындағы  басқа  құжаттарды  әзірлеуге  қатысу  болып табылады.

Департамент директорының міндетін атқарушы – Касенов Асхат Серикович
Тел: +7(727) 2 596-806
Факс: +7(727) 2 704-848
e-mail: Askhat.Kasenov@nationalbank.kz
Мекен-жайы: А15С9Т5, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, «Көктем-3» ш/а, 21 үй.

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018