link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Еуропа

Венгрия

2014 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтың Венгрияға жасалған жұмыс сапары шеңберінде Ұлттық Банк пен Венгрияның орталық банкі арасында қызметкерлерді оқыту саласында өзара ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қойылды. Келісім қызметкерлерді кәсіптік оқыту, тәжірибе алмасу және нақты жұмыс саласында орын алған сауалдарды шешуге қолдау көрсетуді көздейді.

Германия Федеративтік Республикасы

2017 жылы Дойче Бундесбанкіне ақша-несие саясаты, қаржылық тұрақтандыру, төлем жүйелері, банк холдингтерінің жұмысын қадағалау, тәуекелдерді басқару, адами ресурстарды басқару тақырыптары негізінде 250 оқу сапарлары ұйымдастырылды.

Испания Корольдігі

Испанияның орталық банкімен өзара ынтымақтастық 2010 жылғы 21 сәуірдегі Ұлттық Банк пен Испания Банкі арасындағы жасалған меморандум негізінде консультация, семинарлар, тағылымдар және оқу сапарлары негізінде жүзеге асырылады.

2013 жылы техникалық көмек көрсету негізінде Ұлттық Банк жұмысшылары Испания Банкіне «Адами ресурс» тақырыбында өткізілген оқу сапарына қатысты. 2014 жылы Испания Банкінде «Проблемалық банктерді қалпына келтіру», «Испания Банкіндегі статистика мен зерттеу жүргізу: ақпарат жинау мен қаржылық есеп», «Бухгалтерлік есеп» тақырыптарында тағылымдалалар өткізілді.

2015 жылы «Қаржылық реттеу мен қадағалау» тақырыбында тағылым өткізілді. 2017 жылы «Қаржылық реттеу мен қадағалау» тақырыбындағы өткізілген дәріске қатысу мақсатында сапар ұйымдастырылды.

Италия Республикасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Италия Банкінің арасында ақпарат пен тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастық орнату мақсатында 2015 жылдың 29 қыркүйегінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумды жүзеге асыру барысында «Төлем балансын жасау: Италия Банкінің тәжірибесі», «Макроэкономикалық модельдеу мен болжам жасау», «Тәуекелдерді басқару: Италия Банкінің тәжірибесі», «Орталық банктің ақпараттық жүйелерінің аудиті: тәжірибе мен жаңа перспективалар», «Банкнота айналымы» атты тақырыптарында Италия Банкіне 6 оқу сапары ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, 2018 жылғы 14-15 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің өкілдері орталық банкте сатып алу және бюджеттеу мәселелері бойынша Италия Банкінде тағылымдамадан өтті.

Люксембург Ұлы Герцогтігі

2012 жылдың 16 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк пен Люксембург қаржылық орталығын дамыту агенттігі арасында өзара түсіністік  туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум қаржылық қызметтердің даму тенденциялары туралы ақпарат алмасуды, қаржылық орталықтарды құрудағы және қаржы нарығында жұмыс жасайтын қызметкерлердің біліктілігін арттырудағы тәжірибе алмасуды көздейді.

Польша Республикасы

Ұлттық Банк пен Польша Ұлттық Банкі арасындағы 2007 жылдың 29 наурызындағы ынтымақтастық келісімі негізінде орталық банктің негізгі атқаратын қызметтері шеңберінде семинарлар мен тағылымдар өткізіледі. 2017 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейінгі аралықта Польша Ұлттық Банкіне 13 оқу сапарлары ұйымдастырылған.

2016 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының Президентінің Польша Республикасына жұмыс сапары шеңберінде Ұлттық Банкпен Польша Республикасының қаржылық қадағалау комиссиясының арасында өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды. Ұлттық Банк тарапынан Қазақстан Республикасының біршама нормативтік актілеріне өзгерістер енгізілген, соның ішінде Варшава қор биржасы Ұлттық Банк мойындаған халықаралық биржалар тізіміне енгізілді. Меморандум нормативтік құқықтық база, ақша-несие саясаты, орталық банктің жұмысы мен құрылымы және оның адами ресурстар бойынша саясаты мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мен жұмысшылардың біліктігін арттыру мәселелеріне негізделген. Жасалынған келісімнің шеңберінде орталық банктің негізгі қызметі аясында семинарлар мен тағылымдалалар жыл сайын ұйымдастырылады.

Швейцария конфедерациясы

Швейцария ХВҚ-дағы Швейцария шағын тобына мүше елдерге белсенді түрде техникалық көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасы аталмыш топқа 2010 жылдан бері мүше. Техникалық көмек көрсету аясында Швейцария Ұлттық Банкіне, Халықаралық Есеп Айырысу Банкіне, екінші деңгейлі банктерге ақша-несие саясаты, төлем балансы, инфляцияны таргеттеу, активтерді басқару, қаржылық қадағалау, тұрақты табыс алып келетін бағалы қағаздар нарығының стратегиясы және т.б. мәселелер бойынша оқу сапарлары ұйымдастырылған.

2017 жылы Швейцария Ұлттық Банкі активтерді басқару үрдісін автоматтандыру, соның ішінде SimCorp жүйесімен жұмыс жасау бойынша техникалық көмек көрсетті.

Техникалық көмекті жүзеге асыру шеңберінде 2018 жылғы 18-19 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері Швейцария Ұлттық Банкінде орталық банктегі сатып алу және бюджеттеу мәселелері бойынша тағылымдамадан өтті.

2018 жылғы 10-11 қыркүйекте Швейцария Ұлттық Банкінің қызметкерлері әлеуетті техникалық көмек көрсету мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне іс-сапармен келді. 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018