link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

1993 жылғы үлгідегі банкноттар

ӨЗГЕРТІЛГЕН ДИЗАЙНМЕН 1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 100 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

   

Айналысқа енгізілген күні: 16.12.2001*

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түсі – күлгін. Негізгі бейнесі – мемлекет қайраткері, қолбасшы, Қазақ хандығының ханы Абылай ханның (1711-1781) портреті. Түсі өзгермелі ою-өрнек алтын интаглиоға алмастырылды.

Сырт жағы: басым түсі – күлгін және қызғылт. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

 

1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 100 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

   

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1993*

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түсі – күлгін. Негізгі бейнесі – мемлекет қайраткері, қолбасшы, Қазақ хандығының ханы Абылай ханның (1711-1781) портреті. 

Сырт жағы: басым түсі – күлгін және қызғылт. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

 

1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 50 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

   

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1993*

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түстері – қызыл және қоңыр. Негізгі бейнесі – мемлекеттік қайраткер, қолбасшы, Кіші жүздің бірінші ханы Әбілқайыр ханның (1693-1748) портреті.

Сырт жағы: басым түсі – қоңыр. Негізгі бейнелері – Маңғыстау облысындағы жартастағы суреттер.

 

1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 20 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

      

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1993*

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түсі – қоңыр. Негізгі бейнесі – қазақ ақыны, композитор, ағартушы, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың (1845-1904) портреті.

Сырт жағы: басым түсі – қоңыр. Негізгі бейнесі – бүркітші.

 

1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 10 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

   

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1993*

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнесі – ғалым, тарихшы, этнограф және саяхатшы Шоқан Уәлихановтың (1835-1865) портреті.

Сырт жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнесі – Оқжетпес тауы (Бурабай).

 

1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 5 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

   

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1993*

Өлшемі: 124х62 мм

Бет жағы: басым түстері – қоңыр және қызғылт-сары. Негізгі бейнесі – қазақ халқының музыканты, домбырашысы және композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының (1818-1889) портреті.

Сырт жағы: басым түстері – қоңыр және қызғылт. Негізгі бейнесі – кесене кешені.

 

1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 3 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

   

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1993*

Өлшемі: 124х62 мм

Бет жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнесі – қазақ ақыны және импровизаторы Сүйінбай Аронұлының (1815-1898) портреті.

Сырт жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнесі – Іле Алатауы.

 

1993 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 1 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

   

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.1993*

Өлшемі: 124х62 мм

Бет жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті.

Сырт жағы: басым түсі – қызғылт. Негізгі бейнелері – Әл-Фарабидің геометриялық конструкциялары мен формулалары.

 

Назар аударыңыздар*: «Ұлттық валютаның 1993 жылғы үлгідегі банкноталарын ақша айналысынан алу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 71 қаулысына сәйкес 2006 жылғы 15 қарашадан  бастап Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 1993 жылғы  үлгідегі номиналы 1 теңгелік, 3 теңгелік, 5 теңгелік, 10 теңгелік, 20 теңгелік, 50 теңгелік және 100 теңгелік банкноттары ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды  айырбастау 2012 жылғы 14 қарашада аяқталды.

 


  
20000 теңге
10000 теңге
5000 теңге
2000 теңге
1000 теңге
500 теңге
200 теңге
1993 жылғы үлгідегі банкноттар
1993 жылғы үлгідегі қағаз тиындар
Ұлттық валюта – теңге банкноттарының қорғаныш элементтері
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018