link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

1000 теңге

2014 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 1000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

       

Айналысқа енгізілген күні: 01.12.2014

Өлшемі: 134х70 мм

Бет жағы: басым түстері – қоңыр және сары. Негізгі бейнелері – «Қазақ Елі» монументі (Астана қ.), ұшып келе жатқан көгершіндер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түсі қоңыр. Негізгі бейнелері – Үстірт шоқысы (Батыс Қазақстан), Қазақстан картасының сұлбасы.

 

«КҮЛТЕГІН» ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНЕ АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 1000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

                 

Айналысқа енгізілген күні: 12.12.2013

Өлшемі: 134х70 мм

Таралымы: 10 000 000

Бет жағы: басым түстері – қоңыр және сары. Негізгі бейнелері – «Қазақ Елі» монументі (Астана қ.) және «Күлтегін» мүсінінің бөлігі, ұшып келе жатқан көгершіндер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түсі қоңыр. Негізгі бейнелері – түркі жауынгерлерінің жартастағы бейнелері, түркі жазба ескерткіші.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ» ҰЙЫМЫНА ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУІНЕ АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 1000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

                    

Айналысқа енгізілген күні: 25.05.2011

Өлшемі: 134х70 мм

Таралымы: 10 000 000

Бет жағы: басым түсі – жасыл. Негізгі бейнелері – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түсікөк. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2010 ЖЫЛЫ ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНДА (ЕҚЫҰ) ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУІНЕ АРНАЛҒАН НОМИНАЛЫ 1000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

        

Айналысқа енгізілген күні: 05.01.2010

Өлшемі: 134х70 мм

Таралымы: 10 000 000

Бет жағы: басым түстері – көгілдір ақық және жасыл. Негізгі бейнелері – Қазақстан елтаңбасы, ұлттық ою-өрнектер және ұшып келе жатқан құстар, «Бәйтерек» монументі (Астана қ.).

Сырт жағы: басым түстері – көгілдір ақық және көк. Негізгі бейнелері – Астанадағы Қазақстан Президентінің резиденциясы «Ақорда», ұлттық ою-өрнектер, құстың стильдендірілген бейнесі.

 

2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 1000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

       

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.2006

Өлшемі: 134х70 мм

Бет жағы: басым түстері – қоңыр және сары. Негізгі бейнелері – «Бәйтерек» монументі (Астана қ.), ашық алақан, қола дәуірінің жартастағы бейнесі, мемлекеттік әнұранның ноттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.

Сырт жағы: басым түстері – қоңыр және сары. Негізгі бейнелері – Президенттің мәдениет орталығының ғимараты (Астана қ.), Қазақстан картасының сұлбасы, Үстірт шоқысы (Батыс Қазақстан).

Назар аударыңыздар: «2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 250 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 285 қаулысына сәйкес номиналы 1000 теңгелік банкноттар 2017 жылғы 1 наурыздан бастап төлем құралы болуын тоқтатты. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2021 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбасталады.

 

2000 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 1000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

               

Айналысқа енгізілген күні: 02.11.2001

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түстері – жасыл және қызыл. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті. Қосымша қорғаныш элементтер («1000» саны бар металсыздандырылған жіп, алтын интаглио, сондай-ақ банкнотты қарау бұрышына байланысты пайда болатын, ою-өрнектің ішіндегі  «1000» саны) қолданылған.

Сырт жағы: басым түстері – жасыл және қызыл. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. 2018 жылдың 14 қарашасында бұл банкноттарды қабылдау аяқталды.

 

1994 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 1000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

                         

Айналысқа енгізілген күні: 14.02.1995

Өлшемі: 144х69 мм

Бет жағы: басым түстері – жасыл және қызыл. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті.

Сырт жағы: басым түстері – жасыл және қызыл. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.

Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының  2001 жылғы 29 қыркүйектегі № 377 қаулысына сәйкес 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар 2002 жылғы 1 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды айырбастау 2013 жылғы 30 қазанда аяқталды.

 


  
20000 теңге
10000 теңге
5000 теңге
2000 теңге
1000 теңге
500 теңге
200 теңге
1993 жылғы үлгідегі банкноттар
1993 жылғы үлгідегі қағаз тиындар
Ұлттық валюта – теңге банкноттарының қорғаныш элементтері
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018