link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Қазақстан Республикасының, Қытай Халық Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының тұрақты жұмыс істейтін үкіметаралық халықаралық ұйымы болып табылады. Оның құрылғандығы туралы Шанхайда (ҚХР) 2001 жылғы 15 маусымда жарияланды.

ШЫҰ негізгі мақсаттарына мыналар жатады: қатысушы елдер арасында өзара сенімділік пен ынтымақты көрші болуды нығайту;  олардың саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салаларда, сондай-ақ білім беру, энергетика, көлік, туризм, қоршаған ортаны қорғау және басқа салаларда тиімді ынтымақтастығына жәрдем ету; аймақта бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты бірлесе отырып қамтамасыз ету және қолдау; демократиялық, әділ және орынды жаңа халықаралық саяси және экономикалық тәртіп құруды ілгерілету.

ШЫҰ-да шешімдер қабылдау үшін жоғарғы орган болып мүше Мемлекет басшыларының кеңесі (МБК) болып табылады. МБК отырысы жылына бір рет өтеді.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысы ұйым шеңберінде көпжақты ынтымақтастықтың стратегиясын және басым бағыттарын талқылау, экономикалық және өзге ынтымақтастықтың қағидатын және маңызды мәселелерін шешу үшін жылына бір рет өткізіледі, сондай-ақ ұйымның алдағы жылға бюджетін бекітеді.

МБК мен ҮБК отырыстарымен қатар парламент басшылары, қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары, сыртқы істер, қорғаныс, төтенше жағдай, экономика, көлік, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау министрлері, құқық қорғау ведомстволарының, жоғары және төрелік соттар, бас прокурорлар деңгейінде кездесулер өткізіледі.

ШЫҰ шеңберінде үйлестіру тетігі ретінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестіру кеңесі (ҰҮК) қызмет етеді. Ұйымның тұрақты жұмыс істейтін екі органы бар - Пекин қаласындағы (ҚХР) Хатшылық,  Ташкент қаласындағы (Өзбекстан) Аймақтық терроризмге қарсы құрылымның атқару комитеті.

ШЫҰ Даму қорын және Даму банкін құру туралы ақпарат

ШЫҰ Даму қорын құру туралы шешім ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің 2004 жылғы 17 маусымда Ташкентте өткен (Ташкент декларациясы) отырысында қабылданды.  ҚРҰБ өкілдері  ШЫҰ Даму қорын құру жөніндегі жұмыс тобының сарапшылар деңгейіндегі жұмыс тобының құрамына кіреді. 2004 жылдан бастап ҚРҰБ ШЫҰ Даму қорын қалыптастыру тәртібі мен жұмыс істеу қағидаттары туралы ұсыныстар дайындау  жөніндегі сарапшылар деңгейіндегі  жұмыс тобының құрамына кіреді.

2004 жылдан бастап ҚРҰБ  ШЫҰ Даму қорын қалыптастыру тәртібі және жұмыс істеу қағидаттары туралы ұсыныстар дайындау  жөніндегі Сарапшылар деңгейіндегі  жұмыс тобының отырыстарына қатысады, оның барысында ШЫҰ Даму қорын (ШЫҰ арнайы шотын) және ШЫҰ Даму банкін құру туралы мәселе пысықталады. 

Қазіргі уақытта ШЫҰ Даму қоры (ШЫҰ арнайы шотын) мен ШҰЫ Даму банкі қалыптастыру тәртібі және қызметінің жалпы қағидаттарын  әзірлеу бойынша жұмыс жалғастырылуда.

 

 

 

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018