link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Өткізілген іс-шаралардың қортындылары

жарияланым күні: 25.12.2018

2018 жыл:

1. Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресі (Алматы қаласы, 2018 жылғы 15-16 қараша).

15-16 қарашада Алматы қаласында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресі өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы ұйымдастырды.

Ағымдағы жылы Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресі жаңа форматта – шетелдік спикерлердің және қатысушылардың қатысуымен өтті. Конгреске әлемнің 20 елінен 500-ден астам қатысушы келді. Конгресс аудиториясын жақын және алыс шетел мемлекеттері орталық банктерінің басшылары, халықаралық қаржы ұйымдарының, дипломатиялық корпустың, академиялық және іскерлік топтардың  өкілдері, сондай-ақ қаржы нарығына кәсіби қатысушылар құрады.

Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресінің спикерлері ретінде – Ресей Федерациясы Орталық банкінің Төрағасы Набиуллина Э.С., Моңғолия Орталық банкінің Төрағасы Надмид Баяртсайхан, Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің Төрағасы Нурмуратов М.Б., Грузия Ұлттық банкінің Төрағасы Коба Гвенетадзе, Пәкістан Мемлекеттік банкі Төрағасының орынбасары Джамиль Ахмад, Чехия Ұлттық банкінің Басқарма мүшесі Войтех Бенда, Қытай Халық Банкі Синьцзян бөлімшесінің Президенті Го Цзяньвэй, ХВҚ миссиясының Қазақстан бойынша Басшысы Марк Хортон, Депозиттерді сақтандыру жүйелері Халықаралық қауымдастығының Бас хатшысы Дэвид Уокер, Мемлекетаралық банктің Президенті Суворов И.Г.  және басқалары сөз сөйледі.

Конгрестің іскерлік бағдарламасы пленарлық отырыстардан, сондай-ақ төменде келтірілген тақырыптар бойынша панельдік сессиялардан тұрды:

  • «Заманауи жағдайларда орталық банк алдында тұрған сын-қатерлер»
  • «Ұлттық валюталарды трансшекаралық есеп айырысуларда пайдалану: алғышарттар, тосқауылдар және перспективалар»
  • Тәуекелге  бағдарланған қадағалау: әлемдік тәжірибе. Қазақстанның қаржы секторына  арналған сын-қатерлер»
  • «Қолма-қол ақша: соңы немесе жаңғыру ма?»
  • «Нақты заманауи жағдайларда  қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Болашақты пайымдау» 
  • «Заманауи қаржы архитектурасы жағдайларындағы Қазақстан Республикасының қаржы нарығы»
  •  «7-20-25» бағдарламасының Қазақстан экономикасында мультипликативті әсер жасаудағы рөлі»

Сонымен бірге Конгресс іс-шараларының архитектурасына мынадай іс-шаралар кірді:

  1. Орталық (ұлттық) банктердің Еуразиялық кеңесінің 39-шы отырысы;
  2. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңесінің 18-ші отырысы;
  3. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің орталық банктерінің ұлттық төлем жүйелерін дамытуды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының 6-шы отырысы;
  4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық қолжетімділік жөніндегі консультативтік кеңестің 7-ші отырысы;
  5. Биржалық Форум.

Конгресс спикерлерінің баяндамаларын төменде келтірілген сілтеме бойынша көшіріп алуға болады.

Конгресс_Презентациялар

Биржа_форумы_Презентациялар

Фото_Орталық_банктердің_Еуразиялық_кеңесінің_39_отырысы_1411

Фото_Пленарлық_отырыс_1511

Фото_Сессия_1_1511

Фото_Сессия_2_1511

Фото_Сессия_3_1511

Фото_Сессия_4_1611

Фото_Сессия_5_1611

Фото_Қаржылық_қызметтерді_тұтынушылардың_құқықтарын_қорғау_кеңестің_7_отырысы_1611

Фото_Төлем_жүйелерін_дамытуды_жұмыс_тобының_6_отырысы_1611

Фото_Биржалық_форум_1611

 

2. «Кеңейтілген өңірлік және жаһандық ықпалдасуға жәрдемдесуге арналған экономикалық саясат негіздері» тақырыбындағы Халықаралық Валюта Қоры мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өңірлік кездесуі  (Астана қаласы, 2018 жылғы 16 мамыр).

2018 жылғы 16 мамырда Астана қаласында «Кеңейтілген өңірлік және жаһандық ықпалдасуға жәрдемдесуге арналған экономикалық саясат негіздері» тақырыбында Халықаралық Валюта Қоры мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өңірлік кездесуі болып өтті, оған Кавказ және Орталық Азия елдері үкіметтік құрылымдарының, халықаралық қаржы ұйымдарының, ынтымақтастық жөніндегі екі тарапты және көптарапты агенттіктердің, дипломатиялық корпус пен академиялық топтардың, сондай-ақ бизнес қауымдастықтың өкілдері қатысты.     

Іс-шара барысында Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі интеграциялық процестерді дамытуға ықпал еткен бірлескен бастамалар; ықпалдасудың барынша жоғары дәрежесіне жету жолында Кавказ және Орталық Азия елдерінің еңсеруі тиіс негізгі қиындықтары; макро ортаның интеграцияға әсер етуі және әлеуеттік тәуекелдердің азаюы; жаңа сауда және инвестициялық мүмкіндіктердің артықшылықтары, оның ішінде Кавказ және Орталық Азия елдері үшін «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберіндегі артықшылықтар, сондай-ақ «Бір белдеу – бір жол» бастамасын іске асыру кезінде оң әсерге ықпал ететін саяси бағдар; сауда мен инвестицияларды ынталандыруға және ұлттық билік органдарының инклюзивтік өсуін қамтамасыз етуге қажетті құрылымдық реформалар сияқты өңірдегі ықпалдасудың ағымдағы мәселелері талқыланды.  

Іс-шараға қатысушылар ХВҚ мен Ұлттық Банктің Өңірлік кездесуінің платформасы Кавказ және Орталық Азия елдері үшін экономикалық дамудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасуға арналған ыңғайлы алаң болғанын атап өтті.

 

2017 жыл:

Қазіргі заманғы жағдайлардағы төлем жүйелері және төлем қызметтері нарығы» халықаралық конференциясы (Астана қаласы, 2017 жылғы 3-4 шілде).

2017 жылғы 3-4 шілде аралығында Астана қаласында Ұлттық Банк «Қазіргі заманғы жағдайлардағы төлем жүйелері және төлем қызметтері нарығы» халықаралық конференциясын өткізді.

Іс-шараға ТМД, Еуропа, Балтық пен Тынық мұхит өңірлерінің, Еуропа Қайта құру және Даму банкінің, Мемлекетаралық Банктің өкілдері қатысты. Конференцияның негізгі мақсаттары цифрлық технологияларды пайдалана отырып, төлем қызметтерін дамыту саласындағы өзекті мәселелерді, төлем жүйелерін дамытудағы соңғы трендтерді, төлем нарығындағы сын-қатерлердің талдамасын талқылау болып табылды.  Іс-шараға қасушыларға өз сәлемдесу сөзін жеткізген ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.Пірматов конференция қаржылық, әсіресе, төлем саласында қалыптасып қалған үйреншікті заттардың, қарым-қатынастардың трансформациясы жүріп жатқан жаһандық қаржы индустриясы үшін негізгі кезеңде өткізіліп жатқандығын атап өтті. ҚРҰБ басшысының орынбасары: «Әлемде финтех индустрия саласы күрт дамып келе жатыр, халықтың жылдам, қашықтан басқарылатын және толық функционалды сервистерге деген сұраныстары күн санап артуда. Бұл орын алып жатқан өзгерістер нарық қатысушылары үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективаларды алып келуде. Цифрлық сервистерді пайдаланудың басымдықтары мен оларға тән тәуекелдер арасындағы тепе-теңдікті түсініп, дұрыс таба білу  қажет, бұл реттеуші ретіндегі қызметке де және төлем қызметтері нарығының қатысушыларына да ықпал етпей қоймайды», – деп атап өтті. 

Конференция барысында цифрлық қызметтер көрсету мәселелері, халық үшін қаржылық қолжетімділікті арттыру, киберқауіпсіздік, төлем экожүйелерін цифрландыру, сондай-ақ «блокчейн» технологияларын қоса алғанда қаржы саласында жаңа технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.

 

Цифрлық қаржылық қызметтерді дамыту мәселелері бойынша Электр байланысының Халықаралық Одағының өңірлік форумы (Астана қаласы, 2017 жылғы 5 шілде).

2017 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында Ұлттық Банк Электр байланысының Халықаралық Одағымен бірлесіп, Цифрлық қаржылық қызметтерді дамыту мәселелері бойынша өңірлік форум өткізді. Бұл іс-шараға ТМД, Еуропа, Балтық және Тынық мұхиты өңірлерінің орталық банктер, ақпарат пен коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, халықаралық төлем жүйелерінің өкілдері, сондай-ақ мобильдік операторлар мен технологиялық компаниялар қатысты.  

Өңірлік форумның негізгі мақсаты цифрлық қаржы технологияларын дамыту саласындағы, қаржы секторында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау болып табылады. Іс-шараға қатысушылардың алдында өзінің сәлемдесу сөзін жолдаған Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ғ.Пірматов саланың жаһандануы мен цифрлануына байланысты банк сервистерінің трансформациясы кезеңінде Өңірлік форумның аса маңызды екендігін атап өтті.

Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматов: «Біздің күнделікті өмірімізде цифрлық қызметтердің рөлі мен мән-маңызы жыл санап арта беретіндігіне ешқандай шек келтірмеу керек. Қашықтан басқарылатын мобильдік сервистер, финтех компаниялардың өсуі, блокчейнді қоса алғанда жаңа технологиялар, киберқауіпсіздік сияқты мәселелер қазіргі таңда аса өзекті болып табылады. 

Өңірлік форум аясында цифрлық технологиялардың қаржы саласына, қауіпсіздік мәселелеріне ықпалы, реттеушінің алдында тұрған міндеттер мен басқа да маңызды тақырыптар талқыланды» , – деп атап өтті.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018