link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Азия

Біріккен Араб Әмірліктері

2014 жылғы 27 қазанда қол қойылған Ұлттық Банк пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Орталық Банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде Ұлттық Банк және Біріккен Араб Әмірліктерінің Орталық Банкі арасындағы ынтымақтастық іске асырылуда. Бұл Меморандум екі елдің орталық банктері арасындағы қаржылық қадағалау және исламдық қаржыландыру салаларында ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.  

Бахрейн Корольдігі

Бахрейн Корольдігінің шейхі Хамад бен Иса Әл-Халифаның Қазақстан Республикасына 2014 жылғы 13-15 сәуірдегі ресми сапары барысында, қаржы қадағалау саласында Бахрейн Орталық Банкі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл меморандумға 2017 жылғы 20 ақпанда қол қойылды. Бұл меморандум қаржы нарығында қадағалау бойынша ақпарат алмасуды қөздейді. 

Катар мемлекеті

Қазақстан Республикасы Президентінің Катар мемлекетіне жасаған 2015 жылғы 25-26 қазандағы ресми сапары барысында, қаржылық реттеу  мәселелері бойынша ақпарат және тәжірибе алмасу мақсатында Ұлттық Банк пен Катардың қаржы орталығын реттеу агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған.

2016 ж. 29 тамызда Ұлттық Банк Төрағасының Катар мемлекетінің Орталық Банкінің Төрағасымен шейх Абдалла бен Сауд Әл-Танимен кездесуі өтті. Кездесуге Орталық Банктің басқа өкілдері, қаржы орталығының басшылары және  Катар кредит бюросының өкілдері қатысты. Кездесу барысында қаржы нарығындағы ағымдағы жағдай және екі елдегі ақша-кредит саясаты саласындағы ұстанатын басым бағыттары, банк саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ исламдық қаржыландыруды дамытуға қатысты мәселелер талқыланды.

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018