link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

 Халықаралық есеп айырысу банкі

Халықаралық есеп айырысу банкі (бұдан әрі – ХЕАБ) алты мемлекеттің (Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция, Жапония) мемлекетаралық келісімдерінің және аталған мемлекеттердің Швейцариямен жасаған конвенциясының  негізінде 1930 жылы негізі қаланған және Швейцария мемлекеті аумағында қызмет етеді. ХЕАБ халықаралық қарыздар бойынша сенімгерлік тұлға, агент немесе депозитарлық банк ретінде қызмет көрсетеді (мысалы, Еуропалық көмір мен болат қоғамының қарыздары бойынша).

ХЕАБ қор ретінде және қор мен Европалық Одаққа мүше елдердің орталық банктері арасындағы төлем айырысулары үшін клирингтік палата ретінде қызмет атқарады. Сондай-ақ ХЕАБ халықаралық үкіметтік қарыздарды беруде де сенімгер қызметін атқарып,  халықаралық банкісі саласында зерттеулер жүргізеді. Ерекше жағдайларда ХЕАБ-қа мүше емес орталық банктерге несие береді.

Бір жағынан ХЕАБ заңды түрде акционерлік қоғам, екінші жағынан халықаралық ұйым ретінде құрылған, оның қызметі халықаралық құқықпен реттеледі, өз қызметін атқаруда қажет артықшылықтар мен иммунитеттерге ие.

ХЕАБ мақсаттары:

  • Орталық банктер арасында ынтымақтастық орнатуға қолдау көрсету;
  • Халықаралық қаржылық операциялар үшін оңтайлы жағдайлар қамтамасыз ету;
  • Мүше ұйымдарға халықаралық есеп айырысуды жүзеге асыруда сенімгерлік тұлға немесе агент қызметін орындау.

ХЕАБ құрамында орталық банктерге аналитикалық ақпарат ұсыну және саяси мәселелер бойынша қолдау көрсету мақсатында тұрақты түрде комитеттер қызмет:

  • Банктік қадағалау жөніндегі Базельдік комитет (the Basel Committee on Banking Supervision);
  • Жаһандық қаржысі жөніндегі комитет (the Committee on the Global Financial System);
  • Төлем және нарық  инфрақұрылымдары жөніндегі комитет (the Committee on Payments and Market Infrastructures);
  • Нарықтар бойынша комитет (the Market Committee);
  • Орталық банктерді басқару форумы (the Central Bank Governance Forum);
  • Ирвинг Фишер атындағы Орталық банктердің статистикасы бойынша комитет (the Irving Fisher Committee on Central Banks Statistics).

Банктік қадағалау жөніндегі Базельдік комитет ( БҚБК), ХЕАБ тұсындағы орталық банктердің өкілдерін біріктіріп, қатысушы елдердің банктік қадағалау жүйесінің сапасын жақсарту мен банктік реттеу саласында бірыңғай стандарттарды жасау сияқты мәселелермен айналысатын (халықаралық ұйым). Комитеттің жұмысы 5 топтың қызметі негізінде ұйымдастырылған:

  • Бухгалтерлік есеп салапшылары тобы (Accounting Experts Group);
  • Қадағалау мен іске асыру тобы (Supervision and Implementation Group);
  • Саясат әзірлеу тобы (Policy Development Group);
  • Макропруденциалдық қадағалау тобы (Macroprudential Supervision Group);
  • Базельдік консультативтік топ (Basel Consultative Group).

  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018