link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Азия Даму Банкі

Азия Даму Банкі (бұдан әрі - АДБ) – 63 мүше ел кіретін көптарапты қаржылық даму институты болып табылады, оның 45 мүшесі Азия-Тынық мұхиты өңірінде, 18 мүшесі Азия-Тынық мұхиты өңірінен тыс жерде орналасқан. АДБ ауқымды мақсаты – кедейлік деңгейін төмендету болып табылады. Осыған байланысты АДБ дамушы мүше елдердің халқының кедейлікте өмір сүретін бөлігіне жәрдем көрсету мақсатында экономикалық өсуге, жан-жақты әлеуметтік дамуға және тиімді басқаруға қолдау жасайды.

АДБ-ның негізгі құралдары нақты жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мүше елдердің үкіметіне қарыздар, кепілдіктер мен техникалық көмек көрсету болып табылады.

АДБ 1966 жылы құрылды. Қазақстан 1994 жылы АДБ мүшесі болды. Штаб-пәтері Манила қаласында орналасқан. Дүние жүзінде АДБ-ның 26 кеңсесі жұмыс істейді. АДБ-да 50-ден аса мемлекеттен 2 000-нан астам адам қызмет етеді.

2004 жылы Ұлттық Банк және АДБ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандумға сәйкес АДБ Ұлттық Банкке «Қаржы секторын басқару» атты техникалық көмек көрсету туралы келісімді білдірді.

2006 жылғы 8 ақпанда АДБ, Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында «Қаржы секторын басқару» атты техникалық көмек көрсету (Жапон Үкіметінің гранты 800 000 АҚШ долл. мөлшерінде) туралы келісім-хатқа қол қойылды.

Осы бағдарлама шеңберінде АДБ-ның «Қаржы секторын басқару» атты Ұлттық Банкке техникалық көмегі мына бөліктер бойынша көрсетілді:

  •  «Ұлттық Банктің алтынвалюта активтері мен Ұлттық Қорды басқару жүйелерін жетілдіру»;
  • «Ақпараттық технологиялар»;
  • «Инфляцияны таргеттеу режимін әзірлеу».

2014 - 2017 жылдар аралығындағы кезеңде АДБ «Қазақстанның сақтандыру нарығының тиімділігін арттыру және кеңейту» бөлігі бойынша  техникалық көмек көрсетті.

Қазіргі уақытта «Қаржы секторының тұрақтылығын арттыру» бөлігі бойынша техникалық көмектің іске асырылуы басталды. Техникалық көмекті іске асыру 2017-2021 жылдар кезеңіне жоспарланған.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018