link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі – ЕҚҚДБ) 1991 жылы құрылды. ЕҚҚДБ құрылымдық және экономикалық реформаларды жүзеге асыру мақсатында 26 елге қаржылық көмек көрсетеді. 1999 жылғы  маусымда ЕҚҚДБ банктің ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешімдер қолданыстағы нарықтар мен өңірлердің даму динамикасын мұқият зерделеп, банктің жұмыс тәжірибесін ескере отырып қабылданды.  Жаңа ұйымдық құрылым Банктің бекітілген орташа мерзімді негіздегі қолданыстағы басымдықтарының күмән тудыруына байланысты Банкке келешекте туындайтын мәселелерді тезірек шешуге мүмкіндік береді. Банктің көптеген Директорлары ұйымдық өзгерістерді бір ауыздан қолдады.  Негізгі өзгерістер Банктік департаменттің құрылымына қатысты орын алды. 

ЕҚҚДБ мен Ұлттық Банк арасында 122,64 млн. АҚШ долл. сомасына (А,В,С үш траншы бойынша) шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған қарыз туралы келісім жасалды. 1997 жылы қарыздың бір бөлігінің күшін жоюға сәйкес Ұлттық Банктің ЕҚҚДБ алдындағы міндеттемелері 122,64 млн. АҚШ долл. сомасынан 45,11 млн. АҚШ долл. сомасына дейін азайтылды.

2014 жылы ЕҚҚДБ мен Ұлттық Банк арасындағы «Жұмыс істемейтін қарыздарға қатысты мәселелерді шешудегі техникалық көмек. Консультациялық платформаға сараптамалық қызмет көрсету (I кезең)» туралы техникалық тапсырмаға қол қойылды. Бұл техникалық көмек 2014-2015 жылдар аралығында іске асырылды.

2014 жылғы 30 мамырда Ұлттық Банк пен ЕҚҚДБ арасында жергілікті валютада қаржыландыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қазіргі уақытта ЕҚҚДБ және Ұлттық Банк арасында «Туынды қаржы құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының жаңа нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу» тақырыбындағы техникалық көмектің іске асырылуы бойынша жұмыс басталды.

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018