link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Дүниежүзілік Банк Тобы

Дүниежүзілік Банк Тобы 1944 жылы құрылған. Оның құрамына бес қаржылық ұйым кіреді:

  • Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (International Bank for Reconstruction and Development);
  • Халықаралық Даму Қауымдастығы (The International Development Association);
  • Халықаралық Қаржы Корпорациясы (The International Finance Corporation);
  • Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгi (The Multilateral Investment Guarantee Agency);
  • Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталық (The International Centre for Settlement of Investment Disputes).

Қазақстан Республикасы 1992 жылғы шілдеде ХҚҚДБ, ХДҚ, ИККА, ИДРХО ұйымдарына, 1993 жылдың қыркүйегінде ХҚК ұйымына қосылды.

Дүниежүзілік Банк Тобы Қазақстан Республикасы үшін ең үлкен сыртқы қаржыландыру көзінің бірі болып табылады.

Ұлттық Банк Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің депозитариі ретінде қызмет атқарады және «А» шот бойынша қызмет көрсетеді. Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан мәмілелер мен транзакциялар бойынша төлемдер Ұлттық Банк арқылы жүзеге асырылады.

2015 жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасының мүшелік жарнасын толтыру мақсатында Ұлттық Банкте Халықаралық Даму Қауымдастығының ұлттық валютадағы шоты ашылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру мақсатында Дүниежүзілік Банк тарапынан Ұлттық Банкке 2015-2016 жылдар аралығында «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын жетілдіру» тақырыбына техникалық көмек көрсетілді.

 

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018