link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Халықаралық Валюта Қоры

Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) — мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қарым-қатынастарын реттеуге және төлем балансының тапшылығы кезінде шетел валютасындағы қысқа және орта мерзімді кредиттерді беру арқылы оларға көмек көрсетуге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Қор БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі мәртебесін алды және әлемдік валюта жүйесінің институционалдық негізін қалайды.

ХВҚ 1944 жылғы 22 шілдеде Бреттон-Вудта (АҚШ) өткен конференцияда 29 ел Келісім баптарына қол қойған 1945 жылғы 27 желтоқсанда құрылды. ХВҚ қызметкерлері 148 елден келген шамамен 2700 адамды құрайды. 189 мемлекет ХВҚ мүшелері болып табылады. Басқарушылар Кеңесі мен Атқару Кеңесі ХВҚ басқарушы органы болып табылады. ХВҚ 1947 жылғы 1 наурызда қаржы операцияларын жүргізе бастады. Есеп айырысу бірлігі – Арнайы қарыз алу құқықтары (бұдан әрі – XDR). ХВҚ-ның реттеу және реформа саясатын қолдау үшін төлем балансында проблемалары бар мүше елдерге беретін кредиттері мен қарыздары қаржылық қолдауды қамтиды.

Қазақстан Республикасы мен ХВҚ арасында мынадай кредиттік келісімдер жасалды:

  • Макроэкономикалық тұрақтандыру және жүйелік қайта құру үшін Қазақстан Республикасына ресурстар беру бағдарламасы (STF);
  • Резервтік кредит туралы келісім (Stand-by 1);
  • Кеңейтілген қаржыландыру бағдарламасы туралы келісім (EFF), осы келісімге сәйкес Қазақстан EFF бағдарламасының барлық қолданылу кезеңі ішінде Үкімет пен Ұлттық Банктің қандай да бір валюталық шектеулерді енгізуге немесе нығайтуға ниеті жоқтығы, көптеген валюталық бағамдарды қолданудың кез келген тәжірибесін енгізуге немесе өзгертуге ниеті жоқтығы, Келісім Баптарының VIII бабына қайшы келетін кез келген  екіжақты төлемдік келісімдерді жасау немесе енгізу және төлем балансына байланысты себептер бойынша импортқа шектеулерді күшейту ниеті жоқтығы бойынша өзіне міндеттеме алады;
  • Мемлекеттік бюджет тапшылығының қысқаруы мен халықаралық резервтердің жинақталуы мақсатында жүргізілген EFF-2 келісімі.

2000 жылғы 24 мамырда Ұлттық Банк ХВҚ кредиттік желілері бойынша өз міндеттемелерін 295,8 млн. XDR мөлшерінде мерзімінен бұрын өтеді.

Ұлттық Банк апта сайын және ай сайынғы негізде ХВҚ-ға монетарлық статистика бойынша деректер жолдайды. Статистикалық деректер ақша-кредит саясатына қатысты, сондай-ақ қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері бойынша (сұрақ-жауап жинағы бойынша) жыл сайынғы (көктемгі) ХВҚ миссиясы үшін ұсынылады.

ХВҚ Статистикалық департаментінің сарапшылары ақша-кредит статистикасын жасау кезінде әдіснамалық мәселелер туындаған жағдайда консультативтік көмек көрсетеді.

ХВҚ үш жылда бір рет макроэкономикалық статистиканы, оның ішінде ақша-кредит статистикасын Қазақстан 2003 жылы қосылған ДТАС жүйесіне («Деректерді таратудың арнайы стандарттары») сәйкес бағалайды. Бағалау негізінде «Стандарттар мен кодекстерді сақтау туралы есеп» (ROSC) жасалады.

Бұдан басқа, ХВҚ Біріккен Вена институты базасында және ХВҚ мен Грузияның Қаржы министрлігінің бірлескен курстары шеңберінде ақша-кредит және фискалдық саясаттың негізгі мәселелері бойынша Ұлттық Банктің қызметкерлерін оқытады.

2015-2017 жылдар аралығында ХВҚ Ұлттық Банкке мынадай техникалық көмек көрсетті:

  • «Төлем балансының статистикасы»;
  • «Ақша-кредит саясатын жетілдіру»;
  • «Коммуникациялық саясатты жетілдіру» (ақысыз);
  • «Төлемпаздықты болжау» (ақысыз);
  • «Ақша-кредит саясатын енгізуді жетілдіру»;
  • «Активтер сапасын тексеру және дағдарыстық басқаруды жоспарлау».

2017 жылы Ұлттық Банк ХВҚ-тан тепе-тең бағамды анықтау әдістерін және модельдерін әзірлеу, инфляциялық таргеттеу режимі шегінде валюталық нарықтағы интервенцияларды жүргізу қағидаларын әзірлеу; тоқсан сайын болжамды модельдерді жетілдіру бойынша техникалық көмек сұрады. Техникалық көмектің іске асыруы 2018 жылы жоспарланған.

ХВҚ Миссиясы жыл сайын ХВҚ Келісімінің IV бабына сәйкес жыл сайынғы консультацияларды өткізу үшін Қазақстанға келеді.

Ұлттық Банктің басшылығы ХВҚ және Дүниежүзілік Банк тобының Басшылар Кеңесінің Жыл сайынғы және көктемгі кездесулеріне қатысады.

«Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына сәйкес Ұлттық Банк Төрағасы Қазақстан Республикасы атынан ХВҚ Басшылар Кеңесінде Басқарушы болып табылады.

Қазақстан Республикасы ХВҚ және Дүниежүзілік Банк Тобының шағын топтарына қатысу шеңберінде Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Бельгия шағын тобынан Швейцария шағын тобына өтуі саласында жұмыс жүргізді. Қазақстан Республикасының Швейцария шағын тобына қосылуының алғашқы қадамдарының бірі 2010 жылғы қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясының Үкіметі арасындағы Бреттон-Вуд мекемелерінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болып табылады. Швейцария, Польша, Сербия, Әзірбайжан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстанның қатысуымен ХВҚ және Дүниежүзілік Банк тобындағы шағын топтарда Атқарушы Директор ретінде Швейцария Конфедерациясының өкілін сайлау үшін дауыс беру ХВҚ Швейцария шағын тобына және Дүниежүзілік Банк тобына Қазақстан Республикасын қосудың соңғы кезеңі болды.

ХВҚ Ұлттық Банкпен бірге «Өңірлік экономиканың даму перспективалары: Кавказ және Орталық Азия» тақырыбына жылына екі рет презентация өткізеді.

2015 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті  «Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына түзетулерді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады. Бұл Қазақстан Республикасының ХВҚ жарғылық капиталындағы үлесін ұлғайтуға септігін тигізді.

2016 жылы 24 мамырда ХВҚ басшысы Кристин Лагардтың Қазақстан Республикасына сапары болып өтті.

Сапардың басты мақсаты – Астана Экономикалық Форумына арналған Халықаралық валюта қорының өңірлік конференциясына қатысу. К. Лагард ҚР Президенті Н. Назарбаевпен, Ұлттық Банк Төрағасы Д.  Ақышевпен, ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімовпен және экономикалық одаққа жауап беретін Үкімет өкілдерімен кездесті. ХВҚ Басқарушы Директоры К. Лагард Назарбаев Университетінің студенттерімен кездесті және шетелдік және қазақстандық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференцияларына  қатысты. Сонымен қоса, шақырылған елдердің үкімет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

2016 жылғы 11-13 шілдеде Алматы қ. ХВҚ және Дүниежүзілік Банк Тобының Швейцария шағын тобының кезекті отырысы өтті. Іс-шара шеңберінде «Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі ағымдағы сын-қатерлер» тақырыбына семинар және ХВҚ Швейцария шағын тобының және Дүниежүзілік Банк Тобының тікелей отырысы өтті. Шағын топтың Атқарушы аппаратының ресми тұлғаларынан басқа іс-шараға Әзірбайжан, Қырғызстан, Польша, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Швейцария орталық банктерінің және экономикалық одаққа жауап беретін үкіметтік құрылым өкілдері қатысты.

ХВҚ Швейцария шағын тобының және Дүниежүзілік Банк Тобының келесі отырысын 2018 жылғы шілдеде Польшада өткізу жоспарланып отыр.

2017 жылғы 4 - 5 мамыр арасындағы кезеңде ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің Директоры Джихад Азурдың Қазақстанға сапары болып өтті. Сапар барысында Азур мырзаның ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевпен, Ұлттық Банк, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, «АХҚО» АҚ басшылығымен, сондай-ақ дипломатиялық арнаның және халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Азур мырза Алматыда болған кезде ХВҚ: «Өңірлік экономиканың даму перспективалары: Кавказ және Орталық Азия» атты көктемгі бюллетенінің презентациясы өтті.

2017 жылғы 11 - 19 қыркүйек аралығындағы кезеңде елдің ағымдағы қаржылық-экономикалық дамуына шолу жасау мақсатында Алматы және Астана қалаларына Қазақстан бойынша ХВҚ Миссиясының Басшысы Марк Хортон басқарған ХВҚ қызметкерлерінің сапары болып өтті. Бұл сапар ағымдағы жылдың ақпан айында ХВҚ Келісімі баптарының IV бабына сәйкес консультация өткізгеннен кейінгі аралық сапар болып табылады.

Сапар шеңберінде ХВҚ миссиясы Ұлттық Банкпен, Үкімет мүшелерімен, «АХҚО» АҚ-пен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-пен, халықаралық қаржы ұйымдарымен, ұлттық компаниялармен, «ҚҚҚ» ЗТБ-мен, екінші деңгейдегі банктермен және дипломатиялық миссияның өкілдерімен кездесті.

Сапар шеңберінде ХВҚ миссиясы Ұлттық Банктің басшылығымен және негізгі департаменттердің басшыларымен кездесті. Кездесу барысында ағымдағы ақша-кредит саясаты, Қазақстан Республикасы банк секторының дамуы, сондай-ақ елдің валюта заңнамасындағы соңғы өзгерістер мәселелері талқыланды.

2017 жылғы 12 - 14 қазан аралығында ХВҚ және Дүниежүзілік Банк тобының Басқарушылар Кеңесінің жыл сайынғы кездесулеріне (бұдан әрі – Жыл сайынғы кездесулер) қатысу үшін Ұлттық Банк Төрағасы Д.  Ақышев басқарған Ұлттық Банк делегациясының Вашинтон қаласына (АҚШ) сапары болып өтті.

Сапар шеңберінде Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышевтың ХВҚ Шағын тобының Атқарушы Директоры Мирослав Панек мырзамен кездесуі өтті.

Сапар барысында қаржы нарықтарындағы ағымдағы ахуал және ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында Ұлттық Банк делегациясының ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия департаментінің және Ақша-кредит жүйелері мен капитал нарығы департаментінің өкілдерімен кездесу өтті.

Ұлттық Банк Төрағасы ХВҚ және Дүниежүзілік Банк Тобының Басқарушылары Кеңесінің пленарлық сессиясына, ХВҚ Халықаралық валюта және қаржы комитетінің пленарлық отырысына, сондай-ақ ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің Директоры Джихад Азур мырза ұйымдастырған дәстүрлі кездесуге және Кавказ және Орталық Азия елдері қаржы министрлерінің және орталық банктері басқарушыларының Алқалық талқылауына қатысты.

Ұлттық Банктің делегациясы ХВҚ: «Өңірлік экономиканың даму перспективалары: Кавказ және Орталық Азия» атты күзгі бюллетеньді таныстыруға қатысты.

2017 жылғы 1 қарашада Алматы қаласында ХВҚ Ұлттық Банктің қатысуымен ХВҚ: «Өңірлік экономиканың даму перспективалары: Кавказ және Орталық Азия» атты экономикалық шолуының кезекті шығарылымының таныстырылуын өткізді.

Іс-шараны өткізу шеңберінде іс-шараға қатысушылар алдында Ұлттық Банктің Зерттеулер және статистика департаментінің директоры  В.Тутушкин кіріспе сөз сөйледі. Таныстыруды ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті директорының орынбасары Юха Кяхконен ұсынды.

ХВҚ таныстыруы жартыжылдық негізде (көктем және күз) өткізіледі және экономикалық дамудың барынша өзекті мәселелері және ХВҚ қатысатын елдер мен өңірлердің экономикалық саясатының қабылдайтын шаралары бойынша талдау мен ұсынымдарды қамтиды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қаржы секторының өкілдері, сондай-ақ академиялық топтардың өкілдері және үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары қатысты.

Қазіргі таңда Ұлттық Банк пен ХВҚ арасында 2018 жылдың 18 сәуірінде Вашингтон қ. (АҚШ) Қазақстанның банктері мен өңірлік/халықаралық банктер арасындағы корреспонденттік қарым-қатынастарды қолдау мәселелері бойынша семинар өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

2018 жылдың 17-18 мамырында өтетін XI Астаналық Экономикалық Форумның шеңберінде Үкімет, Ұлттық Банк және ХВҚ-дың бірлескен конференциясын өткізу жоспарлануда.


  
Халықаралық Валюта Қоры
ХВҚ миссиясының қорытынды мәлімдемесі
ХВҚ:Жұртшылыққа арналған ақпараттық хабар
ХВҚ миссиясының алдын ала тұжырымдары, ІV бабына сәйкес консультация
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018