link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Ұлттық Банктің банк заемдарын беру мәселелері бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісім

жарияланым күні: 19.01.2009

Ұлттық Банктің банк заемдарын  беру мәселелері бойынша

 ынтымақтастық және  өзара іс-қимыл туралы келісім

 Алматы қаласы                                 2009 жылғы ___   қаңтар 

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, жалпы Қазақстанның қаржы жүйесіне сенімді сақтау, сондай-ақ қаржы қызметтері тұтынушыларының мүдделерін қорғаудың тиісті дәрежесін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі –Ұлттық Банк), Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Қаржылық қадағалау агенттігі) және «_____________» акционерлік қоғамы (бұдан әрі- Банк) Ұлттық Банктің банк заемдарын  беру мәселелері бойынша ынтымақтастық және  өзара іс-қимыл туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасады.

1. Ұлттық Банк, Қаржылық қадағалау агенттігі және Банк (бұдан әрі-Тараптар) Келісімнің талаптарын орындау жөнінде өздеріне ерікті түрде міндеттеме қабылдайды.

2. Банк:    

-            Қазақстан Республикасының резидент еместеріне ұлттық валютада және шетел (теңгедегі баламасында) валютасында берілген талаптардың күн сайынғы қалдығын 2007 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша осы көрсеткіштің  нақты мәнінен  жоғары емес мөлшерде сақтауға;

-     Қазақстан Республикасының резидент еместеріне берілген заемдар бойынша талаптарды тоқсанда кемінде 5%  азайтуға;

-     резиденттік елден тысқары еншілес және тәуелді компанияларда (абсолюттік көрсеткіштегі) қатысу сомасын құрмауға, ұлғайтпауға;

-     Қазақстан Республикасының резидент еместері алдында ұлттық валютада және шетел (теңгедегі баламасында) валютасында тартылған арнайы  мақсаттағы кәсіпорындардың заемдары, депозиттері және облигациялар бойынша міндеттемелердің  күн сайынғы қалдығын 2007 жылғы  1 қарашадағы  жағдай бойынша осы көрсеткіштің  нақты мәнінен  жоғары емес мөлшерде сақтауға;

-     акционерлік капиталды ұлғайту  жөнінде күш-жігер жұмсауға;

-      консервативтік кредиттік және  қалыпты депозиттік саясатты қолдауға келіседі.

3. Банк Ұлттық Банкке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес тиісінше  1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мерзімде, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес Қаржылық қадағалау агенттігіне әрбір жұма күні  Астана уақыты бойынша  сағат 16.00-ге дейін мәліметтерді береді. (1-4 Қосымшалар, ҚҰБ-нің банк заемдарын беру бойынша келісімге)

4. Ұлттық Банк Банктің міндеттемелері бойынша, Келісімнің қолданыс мерзімі кезеңінде тартылған Ұлттық Банктің алдындағы  міндеттемелерді қоспағанда,  кепілдік береді. Міндеттемелерге кепілдік беру талаптарын, тәртібін және  мөлшерін Ұлттық Банк айқындайды.

5. Қайта қаржыландыру заемдарын беру мынадай тәртіппен және мынадай талаптармен жүзеге асырылады.

5.1.Ұлттық Банк:

-     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  Басқармасының 30.09.05ж. № 118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдар беру ережесіне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес  қайта қаржыландыру заемдарын беруді қамтамасыз етеді;

-     апталық негізде Банк үшін  (Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеттің шешімімен) ағымдағы айдың басына Банктің жеке капиталы өлшемінен 50% (елу пайыздан) аспайтын деңгейде қайта қаржыландыру  лимитін белгілейді және Банкті 1 (бір) жұмыс күні ішінде Банкке белгіленген  қайта қаржыландыру лимиттері туралы хабардар етеді;

-     Банктің корреспонденттік шотына ақшаны есептеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қаржылық қадағалау агенттігіне Банктің қайта қаржыландыру заемын алғаны жөнінде хабарламаны жібереді.

5.2. Қайта қаржыландыру лимитіне Ұлттық Банктің Банкте орналастырған Банктің кері РЕПО,  СВОП операциялары, депозиттер бойынша берешегінің жиынтық көлемі, сондай-ақ  Ұлттық Банктің  Банкке  берген  кепілдік көлемі кіреді.

5.3. Банк Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеті белгілеген қайта қаржыландыру лимиттері шегінде жаңа заемды және ол бойынша  сыйақыны қамтамасыз ету үшін  Ұлттық Банкте оның шотында  қамтамасыз ету бар болған және/немесе қаражаты жеткілікті болған жағдайда алдыңғы алынған заем өтелмеген болса, жаңа қайта қаржыландыру заемын алу туралы өтініш жасай алады.

5.4. Қаржылық қадағалау агенттігі:

- Банктің Келісімнің 2-тармағының талаптарын, оның  ішінде Банктен алынатын шұғыл ақпарат (апталық есептілік) негізінде орындауын қадағалайды;

- Банктің Келісімнің 2-тармағының талаптарын сақтамау және/немесе толық орындамау фактілері анықталған кезде Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитетінің жақын арадағы отырысында бұл жайлы Ұлттық Банкті хабардар етеді.  

5.5. Ұлттық Банк Банктің Келісімнің 2-тармағының талаптарын сақтамау және/немесе толық орындамау фактілері болған кезде Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитетінің отырысында  Банк үшін Келісімнің 2-тармағының талаптарын бұзуды жойғанға дейінгі кезеңге қайта қаржыландыру лимитін төмендету туралы мәселені қарайды.

6. Арнайы мақсаттағы заемды беру осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

6.1. Банк алдыңғы алынған заем өтелмеген болса, арнайы мақсаттағы заемды алу үшін  өтініш жасай алмайды.

6.2. Қаржылық қадағалау агенттігі:

- Банктің Келісімнің 2-тармағының талаптарын, оның  ішінде Банктен алынатын шұғыл ақпарат (апталық есептілік) негізінде орындауын қадағалайды;

- Банктің Келісімнің 2-тармағының талаптарын сақтамау және/немесе толық орындамау фактілері анықталған кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл жайлы Ұлттық Банкті хабардар етеді.  

6.3. Банктің Келісімнің 2-тармағының талаптарын сақтамау және/немесе толық орындамау фактілері болған кезде:  

- Ұлттық Банк Қаржылық қадағалау агенттігінен Банктің 2-тармақтың талаптарын  сақтамау және/немесе толық орындамау фактілері туралы хабарламаны алған күннен бастап  1 (бір) жұмыс күні ішінде Банкке  арнайы мақсаттағы заемды  қайтару қажеттігі  жөнінде хабарлама  жібереді;

- Банк Ұлттық Банктің аталған хабарламасын алған күннен бастап  10 (он) жұмыс күні ішінде арнайы мақсаттағы заемды (заемның осындай талаптары болған жағдайда қайтару күніне есептелген сыйақымен бірге) қайтаруға міндеттенеді.

7. Банктің осы Келісімге қол қоятын уәкілетті тұлғасы Келісімді орындау, сондай-ақ оның ережелерін жүзеге асыру және сақтау үшін барлық өкілеттігі бар екендігіне кепілдік береді.

8. Келісім Тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл жөнінде Келісімді бұзу болжанған күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей  басқа Тараптарды хабардар ету қажет.

9. Келісім оған қол қойған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн өткеннен кейін  күшіне енеді.

10. Келісімнің қолданылу мерзімі күшіне енген күннен бастап бір жыл (365 күн) және Тараптардың шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

11. Келісім алты данада: үш данасы  мемлекеттік тілде және үш данасы орыс тілінде, Тараптардың әрқайсысы үшін екі данадан жасалды. Әр данасының бірдей заң күші бар.

 

Қаржылық қадағалау агенттігі үшін

050000, Алматы қаласы   Айтеке би көшесі, 67-үй

СТН 600400527067

 

Е. Бахмутова       ______________

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын  және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы

 

Ұлттық Банк үшін      050040, Алматы қаласы

«Көктем -3» шағын ауданы, 21-үй

СТН 600400062088      ЖСК 002904700

БСК 190601190

 

Г. Марченко   ________________

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

 

Банк үшін

 

______________________________

 «_________________________» АҚ Басқармасының Төрағасы

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
БАҚ-пен қарым-қатынас жасауға арналған email: press@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018