link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов

жарияланым күні: 28.01.2014

Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі

 

1971 жылы 29 қарашада Алматы қаласында дүниеге келді.

1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Робототехникалық кешендер және жүйелер» мамандығы бойынша үздік бітірді.

1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы нарығының бағалы қағаздар басқармасының акционерлеу және лицензиялау бөліміне жетекші маман болып жұмысқа тұрды.

Қаржы министрлігінде бөлім бастығы (1995 ж.), басқарма бастығының орынбасары (1996 ж.), Бюджет департаменті директорының орынбасары (1997 ж.), Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры (1998 ж.), Қазынашылық департаменті директорының орынбасары (1999 ж.), Бюджет департаменті директорының орынбасары (2001 ж.), Мемлекеттік бюджет департаментінің директоры (2002 ж.) қызметін атқарды.

2002 жылғы қыркүйектен бастап 2003 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2003 жылғы маусымнан бастап 2006 жылғы ақпанға дейін экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі қызметіне тағайындалды.

2006 жылғы ақпаннан бастап 2007 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің төрағасы болып қызмет істеді.

2007 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.

               2007 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

              2010 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

              2012 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

             2013 жылғы қарашадан бастап - Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018