link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қызметтерді тұтынушыларға
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Жазылу

  

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сатып алулары

Сізге тіркелу, немесе пайдаланушының есімі мен паролін енгізу қажет
Пайдаланушының есімі (Логин) Пароль енгізіңіз
Егер парольді ұмытып қалсаңыз?


Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты Сатып алудың түрі Ұйымдастырушы Атауы
13612 30.04.2020/09:00 12.05.2020/18:30 Баға ұсыныстарын сұрату Жамбыл филиалы Ғимараттың қасбеті мен кіретін тобын күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын сатып алу
Келесі: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 след.

Хабарландырулардың тізіміне оралу

Хабарламаның толық мәтіні:

    1.«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы («Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы Әкімшілік-шаруашылық бөлімі 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137) 8(726) 2999-353, ішкі 2846, ғимараттың қасбеті мен кіретін тобын күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Тараз қ., Қазыбек би көшесі, 137 мекенжайындағы ғимараттың қасбеті мен кіретін тобын күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын (бұдан әрі – Жұмыстар)  сатып  алу  үшін бөлінген  сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 6630357,14 теңге.

3. Жобалау-сметалық құжаттаманы техникалық тапсырмаға (Техникалық ерекше нұсқама) және ҚР ҚН 1.02-03-2011 «Құрылысқа арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы» сәйкес әзірлеу.

4. Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімінің құрамында лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлерінің міндетті түрде болуымен І санаттағы жобалау қызметіне мемлекеттік лицензияны ұсынуы тиіс және ғимараттың қасбетінің эскизін Тараз қ. жергілікті мекемесімен келісуді міндетіне алады.

5. Сатып алу туралы техникалық ерекше нұсқама қоса беріледі.

6. Жұмыстарды орындау орны  –  Тараз қ., Қазыбек би көшесі, 137-үй.

7. Ақы төлеу талаптары - тапсырыс беруші шарт бойынша ақы төлеуді Жеткізушінің банк шотына мынадай тәртіппен:

Тапсырыс беруші Шарт бойынша орындалған Жұмыс үшін төлемді Жеткізушінің банк шотына нақты орындалған Жұмыс үшін Тараптар орындалған Жұмысты қабылдау-тапсыру актісіне (бұдан әрі – Акт) қол қойғаннан және Жеткізуші шот-фактураны алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде ақша аудару арқылы жүргізеді

8. Жұмыстарды орындау мерзімі: шарт күшіне енген күннен бастап 2020 жылғы 01 қарашаға дейін.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 30.04.2020ж. сағат 09:00.  

10. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 12.05.2020ж. сағат 18:30 дейін. 

11. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы, 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137-үй, 207 кабинет.   

12. Баға ұсыныстары салынған конверттер 12.05.2020 ж. сағат 18:30 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137, 207 кабинетте ашылады. 

13. Тараз қ., Қазыбек би көш., 137 мекенжайындағы әкімшілік ғимараттың орталығын бөлігіне түбегейлі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріліп отыр.

14. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге орындалатын Жұмыстардың техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

15. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.

16. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.

17. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.

18. Шартқа жобасына қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:

1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

2) ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

3) толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;

4) бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат;

5) ағымдағы бағалардағы жұмыс құнының есебі;

6) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлерінің міндетті түрде болуымен І санаттағы жобалау қызметіне мемлекеттік лицензияны ұсынуы тиіс.

19. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

20. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.

 

 



Салынған файлдарға рұқсат алу үшін Сізге тіркелу қажет, немесе пайдаланушының есімі мен паролін енгізу қажет

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Пайдаланушының есімі (Логин) Пароль енгізіңіз
  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
БАҚ-пен қарым-қатынас жасауға арналған email: press@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2020