Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сатып алулары
Хабарландырулардың тізіміне оралу
Хабарламаның толық мәтіні:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жоспарлау және бюджет департаменті, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, БСН 941240001151, ЖСК KZ86125KZT5004100100, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де, БЖК NBRKKZKX, Кбе 13 электрондық мекенжай: Aman.Yevstavletov@nationalbank.kz, тел. 8 727 2788 104, ішкі 5373, Oracle ЛБҚ-ға лицензиясын тендер тәсілімен сатып алу бойынша тендердің талаптары (бұдан әрі – Тауар).
Тендер талаптары:
1. Тауардың атауы, саны және сатып алуға бөлінген сомалары осы тендер талаптарының 1-қосымшасында көрсетілген.
2. Сатып алынатын Тауардың техникалық ерекше нұсқамасы осы тендер талаптарының 2-қосымшаcында көрсетілген.
3. Маңызды талаптар көрсетілген сатып алу туралы шартының жобасы осы тендер талаптарының 3-қосымшасында көрсетілген.
4. Тауардың жеткізу орны шарттың жобасында көрсетілген.
5. Тауардың жеткізудің талап етілетін мерзімі шарттың жобасында көрсетілген.
Тендерлік өтінімдерді тапсыру және рәсімдеу тәртібі, Қағидалардың 4 бөлімінде көзделген. Тендерлік өтінімдерді әлеуетті жеткізуші немесе оның уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушының қолына не тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып конвертке салып келесі мекен-жайы бойынша ұсынады: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, Жоспарлау және бюджет департаменті, 303 каб.
Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету Тауарды сатып алу үшін көрсетілген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде Қағидалардың 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде не сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына енгізілетін кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде енгізіледі:
- қазақстандық теңгедегі төлемдер үшін: бенефициар – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, БСН 941 240 001 151, ЖСК KZ86125KZT5004100100 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де, БЖК NBRKKZKX, Кбе 13;
- ресей рубльдегі төлемдер үшін: банк бенефициары: Москва қ., Мемлекетаралық банк, БСК: 044525362, коршот: 30101810800000000362, ЖСН: 9909400764, ҚРҰБ шоты: 30111810800000000039; банк бенефициары: Москва қ., ЖАҚ Сбербанк России, БСК: 044525225, коршот: 30101810400000000225, ЖСН: 7707083893, ҚРҰБ шоты: 30111810000000000124;
- АҚШ доллардағы төлемдер үшін: бенефициар – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, SWIFT: NBRKKZKX, банк бенефициары: CITIBANK N.A., NEW YORK, SWIFT: CITIUS33XXX, ACCOUNT: 36017752;
- ЕУРО төлемдер үшін: бенефициары – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, SWIFT: NBRKKZKX, банк бенефициары: DEUTSCHE BANK AG FRANKFURT AM MAIN, SWIFT: DEUTDEFFXXX, ACCOUNT: 100 9498775 0000; банк бенефициары: DEUTSCHE BUNDESBANK, ZENTRALE FRANKFURT AM MAIN, SWIFT: MARKDEFFXXX, ACCOUNT: 5040040039.
Тендерлік өтінімді қамтамасыз етуі жоқ барлық тендерлік өтінімдер Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін деп тендерлік комиссия қабылдамайды.
6. Тендерге қатысуға өтінім берудің түпкілікті мерзімі 2019 жылғы «26» қараша 10 сағат 30 минут дейін (қоса есептегенде).
7. Тендерге қатысуға өтінімдер 2019 жылғы «26» қараша 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, 302/2 каб. ашылады.
8. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы «20» қараша 10 сағат 30 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.
Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, Жоспарлау және бюджет департаменті, 303 каб., тел. 8 727 2788 044, ішкі 5373, электрондық пошта мекенжайы – Aman.Yevstavletov@nationalbank.kz.
9. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz интернет-ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;
2) тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен хабарлайды.
10. Сатып алуды ұйымдастырушы 2019 жылғы «22» қараша 10 сағат 30 минут кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.
Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тендер талаптарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.
Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын ұзартылады.
11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе) 53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.
12. Отандық әлеуетті жеткізушілердің тендерлік баға ұсыныстары теңгемен және тиынмен жүздік үлеспен берілуі тиіс.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады:
8 727 2788 104, ішкі 5373
Тендерлік комиссия хатшысы:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жоспарлау және бюджет департаменті сатып алу басқармасының жетекші маманы – Евставлетов Аман Махымбекович.
Салынған файлдарға рұқсат алу үшін Сізге тіркелу қажет, немесе пайдаланушының есімі мен паролін енгізу қажет
Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
|