Хабарландыру

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өз жұмысын бастайды. Жаңа мемлекеттік орган берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Ұлттық Банктің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалды.

Агенттіктің ресми сайты - www.finreg.kz. Толығырақ осында.

link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қызметтерді тұтынушыларға
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Жазылу

  

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сатып алулары

Сізге тіркелу, немесе пайдаланушының есімі мен паролін енгізу қажет
Пайдаланушының есімі (Логин) Пароль енгізіңіз
Егер парольді ұмытып қалсаңыз?


Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты Сатып алудың түрі Ұйымдастырушы Атауы
11318 19.09.2016/09:00 23.09.2016/17:30 Баға ұсыныстарын сұрату Ақтөбе филиалы Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үздіксіз электр қуатын беру жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
Келесі: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 след.

Хабарландырулардың тізіміне оралу

Хабарламаның толық мәтіні:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үздіксіз электр қуатын беру жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алу үшiн бөлiнген сомалар көрсетілген тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі: саны 1 қызмет, сатып алуға бөлінген сома ҚҚС сомасын есепке алмағанда 563000,00 (бес жүз алпыс үш  мың) теңге.

Сатып алуды ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі,  030000, Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесі, 45-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы арқылы.

3. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (техникалық талабы): Үздіксіз электр қуатын беру жүйесіне (ҮЭҚБЖ) техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алу.

4. Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасы: Шарт жобасына № 1-қосымша:

4.1.1. UPS PowerWave33 (бұдан әрі –ҮҚК) техникалық қызмет көрсету:

  • № 1 және № 2 ҮҚК кіріс және шығыс өлшемдерін тексеру және реттеу;
  • жергілікті дисплей жұмысын тексеру;
  • № 1 және № 2 кейстерде аккумулятор батареяларын ауыстыру;
  • ҮҚК аккумулятор батареяларының жағдайын тексеру;
  • Батарея блоктарының арасындағы жалғанған контактілерді тексеру;
  • ҮЭҚБЖ артық жүктемемен жұмыс істеуін тексеру;
  • аккумулятор батареясынан сыртқы қуат беруші кернеуді ажырату кезіндегі ҮЭҚБЖ жұмысын тексеру;
  • сыртқы қуат беруші кернеуді қалпына келтіру, жүйенің шығыс өлшемдерін тексеру;

 контактілердің жағдайын тексеру.

4.1.2. Автоматика шкафына (АВР) техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеу:

  • автоматика элементтерінің сыртқы жағдайлардың өзгеруі (сыртқы қуат беруші кернеуді ажырату / қосу эмитациясы) кезінде жұмыс істеуін, жүйенің шығыс өлшемдерін тексеру;
  • қорғаныс құрылғыларының жұмысқа қабілеттілігін тексеру;
  • контактілердің жағдайын тексеру.

4.1.3. ТМ-160 трансформаторға техникалық қызмет көрсету

  • сыртқы жағдайды тексеру;
  • үй-жай және трансформаторды жинау;
  • тоқ өткiзетiн шиналарды шаңнан және тордан тазарту;
  • трансформатор майын толтыру/құю (майды жеткiзушi береді);
  • контактілердің жағдайын тексеру;
  • РУ-04 кВ-да кiрiспе - таратушы шкафтың және трансформатордың контактілерін, бекiткiштерiн қайта тарту / тарту

4.1.4. AUSONIA–150kVA дизель-генераторына техникалық қызмет көрсету және жөндеу:

  • дизель генераторының радиаторын үрлеу;
  • стартерлі аккумулятор батареялары зарядының зарядтаушы тоғын тексеру;
  • зарядтаушы құрылғылардың кернеуін тексеру және реттеу;
  • басқару панелінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру;
  • басқару панелінің, отын деңгейі тетігінің жағдайын тексеру;
  • қосымша жабдықтарды реттеу: термоконвектор, жалюзи жетегі

4.2. Дизель-генераторға  (ДГ) техникалық қызмет көрсету техникалық регламентке сәйкес жүргізіледі,  бұл ретте дизель майын, отын, май және ауа сүзгілерін ауыстыру жүргізіледі. Мотор майын, тазартылған суды және  ҮҚК  үшін батареяларды Тапсырыс беруші береді, ал отын, май және ауа сүзгілерін Жеткізуші береді.

4.3.  Кепілдік мерзімі Тараптар Актіге қол қойған күннен бастап 12 (он екі) айды құрайды, ол кезең ішінде Жеткізуші көрсетілетін Қызметтің пайдалану сипаттамасына кепілдік береді, атап айтқанда кейін ҮЭҚБС-ның техникалық жағдайы актісін жасай отырып, ай сайын визуалдық байқау және диагностика жүргізу.   

4.4. ҮЭҚБС жүйесінің, автоматика шкафының жүйенің кіріс клеммаларында кернеудің төмендеуі кезінде, фазалардың біреуі жоғалған кезде, электр қуатының толық ажырауы кезінде жұмыс істеуін кешенді тексеру.

4.5. Шарт талаптарына сәйкес Тапсырыс берушінің қосалқы бөлшектерін пайдалана отырып ҮЭҚБС апатты жөндеу.

4.6. Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды ұқсас құрылғылармен іс жүзінде жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандар орындауы тиіс.

4.7 ҮЭҚБС техникалық қызмет көрсету кезеңділігі – жылына 1 рет.  

5. Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны: ҚР, 030000, Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесі, 45-үй.

6. Тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері: қоса жалғанған маңызды талаптары көрсетіле отырып жасалған сатып алу туралы шарт жобасында көрсетілген.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын, тестілеуге тауар үлгілерін (ол болған кезде) ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі: 2016 жылғы «19» қыркүйекте сағат 09:00-ден бастап, 2016 жылғы «23» қыркүйекте сағат 17:30-ға дейін.

8. Баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты: 2016 жылғы «26» қыркүйекте сағат 09:00-ден бастап.

9. Ақы төлеу талаптары: Шарт жобасында көрсетілген

10. Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (ол болған кезде) көрсетілген шарт жобасы қоса беріледі. 

11. Әлеуетті жеткізуші Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол боған кезде) бекітілген бiр ғана баға ұсынысын табыс етеді, онда мына мәліметтер мен құжаттар:

1) әлеуетті  жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) жеткізілетін тауарлардың атауы, сипаты және саны, орындалатын  жұмыстардың, көрсетілетін  қызметтердің  атауы  және көлемі;

3) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны және  мерзімі;  

4) тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге  байланысты шығыстарды қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бір бірлігінің бағасы мен  жалпы  бағасы;

5) әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқама (егер хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруда техникалық ерекше нұсқама және әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекше нұсқаманы беруі туралы талап болса);

6) тестілеуді жүргізу кезіндегі тауардың үлгісі (егер хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруда тауарлардың  үлгілерін тестілеу  бағдарламасы  болса) қамтылады.

Әлеуетті жеткізуші табыс еткен баға ұсынысына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізуге рұқсат етілмейді.  

12. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын хабарландыруды орналастыру арқылы баға  ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу рәсімдерінің басталу уақытына  дейін  жабылған күйінде ұсынады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында  мыналарды:

1) әлеуетті  жеткізушінің толық атауын  және пошта мекенжайын;

2)  тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген  тиісті мәліметтерге сәйкес келетін толық атауын  және пошта мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, лоттың атауын көрсетеді.

13. Жүргізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында (http://www.nationalbank.kz) орналастырылады.

 

* 2015 жылғы 19 желтоқсандағы №237 «Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлікпен басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» ҚРҰБ Басқармасының қаулысы



Салынған файлдарға рұқсат алу үшін Сізге тіркелу қажет, немесе пайдаланушының есімі мен паролін енгізу қажет

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Пайдаланушының есімі (Логин) Пароль енгізіңіз
  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
БАҚ-пен қарым-қатынас жасауға арналған email: press@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2020