
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрағасы
1962 жылы 27 ақпанда Ростов-на-Дону қаласында дүниеге келді. Алматы халық шаруашылығы институтының түлегі.
Еңбек жолын 1983 жылдан бастады және 1993 жылға дейін экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда әртүрлі қызмет атқарды. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық ап-паратында жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет департаментін басқарды. 2001 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеу-меттік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.
2002 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің Жинақ-таушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу департаментінің директоры болып жұ-мыс істеді. 2002 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің Қар-жылық қадағалау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.2004 жылғы қаңтар-дан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2008 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрағасы болып тағайындалды.
Мемлекеттік наградалар:
2001 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10-жылдығы қарсаңында еңбек қатынастарындағы жетістіктері және халықтың әлеуметтік қорғауын ұйымдас-тырғаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы жарияланды.
2005 жылы мемлекеттің конституциялық негіздерінің тұрақталуына және дамуына қомақты үлес қосқаны үшін және Қазақстан Республикасы Конституциясы-ның 10-жылдығын атап өтуіне байланысты «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2006 жылы мемлекетке сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қомақты үлес қосқаны үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
|