link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Онлайн-сақтандыру

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 166-VI заңымен (2018 ж. 4 шілдеде «Казахстанская правда» газетінің №124 (28753) санында және 2018 ж. 4 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінің №124 (29355) санында жарияланған) онлайн-сақтандыруға және электронды нысанда сақтандыру полисінің заңдылығын бекітуге қатысты заңнамалық түзетулер енгізілді.  

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру ұйымдарының клиенттері  интернет-ресурстарды пайдаланып, электронды нысанда сақтандыру шарттарын жасап, электронды нысанда сақтандыру полистерін ресімдей алады. Электронды нысандағы шартты жасау мүмкіндігі міндетті және ерікті сақтандырудың барлық түрлері бойынша енгізіледі.

Онлайн-сақтандыруды енгізумен міндетті сақтандыру шарттары бойынша қағаз полистер айналыстан шығарылады. Енді автокөлік иелеріне әкімшілік полиция қызметкерлеріне сақтандыру полистерін көрсетудің қажеті жоқ, себебі сақтандыру шартын жасау дерегі сақтандыру жөніндегі деректердің бірыңғай қорына сұрату жіберу арқылы тексерілетін болады.

Онлайн-сақтандыруды енгізу халық және бизнес үшін сақтандыру құнын азайтады, офиске бармастан немесе делдалдардың қатысуынсыз сақтандыру  компанияларының  интернет-ресурстары арқылы тікелей шарт жасауға, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін алуды тездетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, барлық мүдделі тұлғалар электронды нысандағы заңды сақтандыру  полисінің болуын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-ның http://mkb.kz/ ресми интернет-ресурсында тәулік бойғы режимде тексере алады.


Сақтандыру шартын онлайн жасаудың кезең-кезеңімен процесі (.pdf 28/12/2018,  848,70 KB)
Онлайн - сақтандыру туралы ақпарат (.jpg 28/12/2018,  1,25 MB)
"Сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделуіне қойылатын талаптарды, Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшін өтiнiштің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 269 қаулысы (.docx 28/12/2018,  166,96 KB)
"Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу қағидаларын, Сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету қағидаларын және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 268 қаулысы (.docx 28/12/2018,  160,46 KB)

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-тың байланыс деректері:

Міндетті сақтандыру шарттары электронды түрде жасалатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстары туралы ақпарат алу үшін, сондай-ақ сақтандыру полисінің заңдылығын тексеру үшін «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ http://mkb.kz/ интернет-ресурсына өту қажет.

 «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ: ҚР, A25D6H8, Алматы қ., Достық даңғылы, 136-үй, «Пионер» БО, e-mail: info@mkb.kz, телефондары: +7 (727) 3527575, +7 (727) 3527570.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018