link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2018 Халықаралық инвесторлар апталығын қолдайды

жарияланым күні: 02.10.2018

Инвесторлардың қаржылық сауаттылығы мен құқықтарын қорғау деңгейін арттыру жөніндегі міндетті ілгерілету үшін IOSCO 2018 жылғы Халықаралық инвесторлар апталығын бастады

Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы (IOSCO) 2018 жылғы 1 қазанда инвесторлардың қаржылық сауаттылығы мен олардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру жөніндегі маңызды міндетті ілгерілету бойынша өздерінің бастамаларын таныстыру үшін мыңнан аса қаржы ұйымын тартқан өткен жылғы іс-шараның табысы шеңберінде екінші жыл сайынғы Халықаралық инвесторлар апталығын (WIW) бастады. 

Қаржылық қызметтер жөніндегі агенттік Токиодағы (Жапония) штаб-пәтерінде Халықаралық инвесторлар апталығын салтанатты түрде бастады, онда әлемде алғаш рет қаржы нарықтары ашылады.

2018 жылғы 1 – 7 қазан аралығында 80 елден аса келген бағалы қағаздарды реттеушілер, қор биржалары, халықаралық ұйымдар, инвесторлар қауымдастықтары және басқа да мүдделі тараптар өз юрисдикцияларына сәйкес инвесторлардың қаржылық сауаттылығы мен олардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шара өткізеді. Іс-шаралар барысында жергілікті және ұлттық білім беру кампанияларының инвесторларға арналған семинарлары мен конференциялары, ойындар мен конкурстар өткізіледі; көрсетілген іс-шаралардың көпшілігі жылдың соңына дейін болады.

Сонымен бірге инвесторлардың қаржылық сауаттылығы мен олардың құқықтарын қорғау деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өту үшін Халықаралық инвесторлар апталығының негізгі міндеті инвесторлар үшін оқыту мүмкіндігін нығайту болады, бұл жылдам технологиялық инновациялар мен қаржы нарықтарының өзара байланыстылығының дамуы жағдайында маңызды рөл атқарады. Биылғы Халықаралық инвесторлар апталығы зияткерлік инвестициялау негіздеріне ықпал етуге талпынып қана қоймай, монеталардың бастапқы ұсыныстарымен, крипто-активтермен және басқа да онлайн-инвестициялармен байланысты тәуекелдерді жеке инвесторлардың түсінуін қамтамасыз етуге тырысады.

Бразилияда қатысушылар осы аптада жастарға тиімді инвестициялар негіздерін түсіндіру үшін әлеуметтік желідегі интерактивті сеанстарды пайдаланады; француз топтары Халықаралық инвесторлар апталығында тиімді инвестициялау бойынша негізгі идеяларды тарату жөніндегі радио-кампанияны іске қосады; АҚШ-та қатысушылар зейнетке шығу бойынша қаржылық қорғауды қамтамасыз ету үшін инвестициялау бойынша білім беру саммитін өткізеді; Румынияда студенттер ашық форумдағы қаржы мәселелері бойынша дебаттар өткізеді; Гонконгте мүдделі тараптар «Ландшафттың өзгеруі. Тәуекелдердің өзгеруі» тақырыбына инвесторлар үшін семинар өткізеді; Пәкістанда студенттер жоғары оқу орындары арасындағы акциялар саудасы бойынша конкурсқа қатысады; Қазақстанда жасыл және исламдық облигацияларға инвестицияларға арналған қаржылық сауаттылық бойынша өңірлік сессия өткізіледі; Замбияда ұйымдар  мектептер мен университеттерде, жұмыс орындары мен қоғамдық форумдарда ақпараттандыру бойынша бағдарламалар өткізіледі – бұл осы аптада 80-нен астам елде жүргізілетін іс-шаралардың бір бөлігі ғана.

Халықаралық топтар Аргентинаның төрағалық етуімен G-20 кеңінен қолдау тапқан Халықаралық инвесторлар апталығына да қатысады. Қаржылық жоспарлау стандарттарының кеңесі (FPSB) 175 000 сертификатталған қаржы жоспарлаушыны (CFP) ұсынатын өзінің 26 мүшесімен бірлесіп Халықаралық инвесторлар апталығын қолдау үшін 3 қазанда Қаржылық жоспарлаудың дүниежүзілік күнін атап өтетін болады. FPSB қызметі борышты, үй шаруашылығын, зейнетақы және инвестициялық жоспарлауды басқаруға, сондай-ақ қаржылық сауаттылықты ілгерілетуге және өзінің қаржысын басқаруға үлкен жауапкершілік алған тұтынушыларды ынталандыруға бағытталады.

Халықаралық инвесторларды құру жөніндегі форум (IFIE) бастаманы жаһандық және өңірлік деңгейде таратуға көмектесетін Халықаралық инвесторлар апталығын қолдау үшін түрлі іс-шаралар өткізеді. Кариб бассейнінде 16 юрисдикцияны білдіретін IFIE Кариб жұмыс тобы, Кариб өңірінде «Кариб теңізінің дауыстары: Кариб бассейнінің қаржылық тәуелсіздікке және орнықтылыққа қарай ілгерілеуі» атты таныстырылым үшін бейне бастаманы іске қосты.

IOSCO басқармасының төрағасы, Гонконгтың бағалы қағаздар және фьючерстер жөніндегі комиссиясының (SFC) басшысы Эшли Алдер: «Халықаралық инвесторлар апталығының әлемдік ауқымы және IOSCO мүшелері мен олардың мүдделі  тараптары арасындағы осы іс-шараларды өткізудегі ынтымақтастықты қолдау IOSCO-ның инвесторлардың қаржылық сауаттылығын және құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға деген бағытты қатаң сақтап отырғандығын көрсетеді» - деп атап өтті.

IOSCO-ның Бас хатшысы Пол Эндрюс: «IOSCO Халықаралық инвесторлар апталығының екінші рет өтуін, бұл жыл сайынғы шараның инвесторларды қорғау және оларды барынша өзара байланысты және цифрландырылған капитал нарықтары жағдайында проблемаларды шешуге даярлау үшін қажетті күшке ие болып  отырғандығының дәлелі ретінде қолдайды» - деді.

Халықаралық инвесторлар апталығы және қатысушы ұйымдар туралы толығырақ  ақпаратты іс шараның сайтында: www.worldinvestorweek.org. табуға болады.

Халықаралық инвесторлар апталығы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-мен және «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірлесе отырып бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін қор нарығын дамыту мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізеді.

 

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018