link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Ақша нарығының қолданыстағы индикаторларын қарау және жаңаларын әзірлеу бойынша жұмыс тобы

Appendix 1 - Assessment of candidate RFRs against Selection Criteria (.pdf 26/09/2018,  181,01 KB)
Ақша нарығының индикаторлары бойынша жұмыс тобының (MMWG) 1-ші отырысының хаттамасы (.pdf 26/09/2018,  110,29 KB)
WG short EBRD 25.07.2018 (.pdf 07/09/2018,  519,11 KB)
The Role of Money Market (.pdf 07/09/2018,  887,10 KB)
Money Market of Kazakhstan (.pdf 07/09/2018,  441,00 KB)
Жұмыс туралы бұйрық (.pdf 07/09/2018,  164,06 KB)

Жұмыс тобы туралы ақпарат

жарияланым күні: 07.09.2018

Ақша нарығының индикаторлары бойынша жұмыс тобы

Ақша нарығының индикаторлары қаржы жүйесінде, банк жүйесінде және экономикада негізгі рөл атқарады. Оларды компаниялар мен үй шаруашылықтарына кредит беретін банктерден бастап ақша нарықтарының туынды құралдарына дейін түрлі агенттер пайдаланады. Үш негізгі себеп қаржы нарығының қалыпты жұмыс істеуі үшін ақша нарығы бенчмарктерінің маңыздылығын айқындайды: (i) біріншіден, олар сыйақының өзгермелі мөлшерлемелеріне индекстелетін келісімшарттар үшін негіз болады, (ii) екіншіден, олар своптар, опциондар және форвардтық келісімдер сияқты өнімдердегі туынды құралдар нарығында кеңінен пайдаланылады және (iii) үшіншіден, олар бухгалтерлік баланс баптарын бағалау үшін кеңінен пайдаланылады.

Ақша нарығының бенчмарктері орталық банктер үшін де маңызды. Ақша-кредит саясаты қаржы нарықтары арқылы іске асырылады және бенчмарктер орталық банктің ақша-кредит саясатының жұмыс істеуін және трансмиссиясының мониторингін қамтамасыз ету жетекші рөл атқарады. Бұл ретте олар ішкі қаржы нарығының орнықты дамуы үшін негізгі аспект болып табылады.

Қазақстанның ақша нарығының индикаторлары бойынша жұмыс тобын (Жұмыс тобы) құруға Қазақстанның қаржы нарығын дамытуға жәрдем көрсету мақсатында бастама жасалды. Жұмыс тобын құру жөніндегі бастама соңғы жылдары тәуекелсіз бенчмарктер (RFRs)  әзірлеу және бекіту үшін жұмыс топтары құрылған басқа нарықтардағы осындай бастамаларға сәйкес келеді.

Мақсат

Жұмыс тобы Қазақстанның ақша нарығын дамыту, реформалау және индикаторларын бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚРҰБ және нарықтың кәсіби қатысушылары арасындағы өзара іс-әрекет жасауға арналған алаң болып табылады.

Бірінші кезектегі мақсаттар:

  • Қазақстан ақша нарығының қолданыстағы индикаторларын талдау;
  • әлеуетті баламаларды талдау;
  • әлеуетті бір күндік тәуекелсіз бенчмарктерді бағалау (бастапқы деректер және есептеу әдістемесі);
  • бір күндік тәуекелсіз бенчмаркке арналған әдіснаманы айқындау.

Келесі міндеттер:

  • Бір күндік тәуекелсіз бенчмаркті қабылдау және пайдалану:
  • пайдаланушылардың проактивтік жұмыс арқылы бір күндік тәуекелсіз бенчмаркті пайдалану қажеттілігіне қатысты хабардар болуын арттыру;
  • қаржылық келісімшарттарда бір күндік тәуекелсіз бенчмаркке индекстеу үшін алдыңғы қатардағы практикаларды айқындау;
  • нарықтың ауқымды тобының қажеттілігіне сәйкес келетін жаңа қаржы өнімдерін бір күндік тәуекелсіз бенчмаркке байланыстыра отырып әзірлеу және жылжыту жөніндегі ұсынымдарды дайындау;
  • бір күндік тәуекелсіз бенчмарктің мөлшерлемелерін қабылдау және пәрменді шешімдер дайындау үшін әлеуетті проблемаларды анықтау.
  • Мерзімді базистік мөлшерлемені әзірлеу:
    • әлеуетті шығыс деректерін және мерзімді базистік мөлшерлемені есептеу әдістемесін айқындау және талдау;
    • ахуалға байланысты мерзімді базистік мөлшерлемені әзірлеу үшін әлеуетті басқарушылар мен дерек жеткізушілеріне арналған әзірлемелердің келісімшарттарын келісу.

Мүшелік

Жұмыс тобы ҚРҰБ-ның, ЕҚДБ-нің, екінші деңгейдегі банктердің өкілдерінен және тиісті ұйымдардың атынан мүддесін білдіруге құқылы басқа да шақырылған қатысушылардан тұрады. Жұмыс тобының мүшелерін олар өздерінің ұйымдарында орындайтын міндеттерді, нарықта олар атқаратын рөлдерді және Жұмыс тобына қосылуға деген олардың мүдделілігін  ескере отырып, ҚРҰБ бекітеді. Іріктеу өлшемшарттары ұйымдардың ауқымды топтарының қатысуын қамтамасыз етуге бағытталады. Жұмыс тобының мүшелері болып табылмайтын сарапшылар ерекше мәселелерді талқылау немесе хабардар ету үшін ара-тұра шақырылады.

Қатысушылар өздерінің ұйымдарын ғана емес, тұтастай алғанда нарықты көрсету үшін шақырылады. Қатысушылар талқылауларға белсенді қатысу үшін өздерінің білімі мен кәсіби тәжірибесін пайдалану мүмкіндігіне ие болуға тиіс. Жұмыс тобындағы мүшелікті қайта қарау оған қатысуды, топтың жұмысына салынған салымды, талқылауларға қатысуды, сондай-ақ Жұмыс тобы мүшесі ұйымының нарықтың  осы  сегментінде атқаратын рөлін ескере  отырып жүзеге асырылады.

Жұмыс тобының мүшелері барлық жоспарланған отырыстарға қатысуға тиіс. Хатшылықпен келісім бойынша Жұмыс тобы мүшелерінің отырысқа қатыспауына рұқсат етіледі. Әрбір қатысушы ұйым Жұмыс тобы мүшесі болмаған кезде отырысқа қатыса алатын орынбасарды тағайындайды.

Жұмыс тобының кез-келген қорытындылары мен ұсынымдары консенсус негізінде қабылданады. Даулы мәселелер туындаған кезде Жұмыс тобының қорытындылары мен ұсынымдары бойынша дауыс беру жүргізіледі. Жұмыс тобының, ҚРҰБ қоспағанда, әрбір мүшесінің дауыс беру кезінде бір дауыс беру құқығы бар. Қорытындылар мен ұсынымдар дауыстардың үштен екісі болған кезде бекітіледі.

Отырыстарды өткізу тәртібі

Жұмыс тобы отырыстарды  жылына кемінде 2 рет өткізеді. 

Отырыстар Жұмыс тобының мүшелері арасында отырыстар өткізілгенге дейін таратылатын күн тәртібіне сәйкес өткізіледі. Күн тәртібін мүшелермен келісім бойынша Хатшы айқындайды. 

Үнемі жүргізу жоспарланған отырыстарға қосымша ҚРҰБ немесе Жұмыс тобының мүшелері арнайы телеконференциялар өткізуді сұратуы мүмкін.

Отырыстар немесе телеконференциялар барысында Жұмыс тобына мүше ұйымдарға мен ҚРҰБ-ға қатысты ақпаратты қоса алғанда, конфиденциалды ақпарат, коммерциялық сипаттағы конфиденциалды ақпарат талқыланбайды.

Жұмыс тобының қорытындылары мен ұсынымдарының ашықтығын  қамтамасыз ету, жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында Жұмыс тобының мүшелерімен келісілген отырыстардың хаттамалары мен таныстырылымдар ҚРҰБ-ның веб-сайтында жарияланады.

Байланыс ақпарат

Дина Шаймерденова
Халықаралық қаржы ұйымдар басқарамасының бастығы

ҚРҰБ Халықаралық ынтымақтастық департаменті
Тел: +7 727 270 46 25 (ішкі 1625)

 

Жанель Мұса

Халықаралық қаржы ұйымдар басқарамасының бас маманы
ҚРҰБ Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Тел: +7 727 330 24 51 (ішкі 1451)

 

 

 

 

 

 

 

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018