link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Орталық Азия, Қара теңіз өңірі мен Балқан елдері орталық банктері басқарушыларының клубы

Орталық Азия, Қара теңіз және Балқан елдері орталық банктері басқарушыларының клубы (бұдан әрі – Клуб) 1998 жылы Түркия Орталық банкінің бастамасы бойынша құрылған. Клубты құру туралы шешім Стамбұлда 1997 жылдың қазан айында өңірдегі елдердің орталық банктері басшыларының деңгейінде өткен кездесудің нәтижесі бойынша қабылданды.

Клубтың негізгі мақсаты қатысушы елдердің орталық банктеріне ақша-несие саясатын жүргізу, банктік қадағалауды жүзеге асыру, банк жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұдайы пікір алмасу мүмкіндігін беру болып табылады. Клубтың міндеттеріне сондай-ақ оның мүшелері арасында аталған мәселе бойынша ақпарат жинау және алмасу кіреді. Клубтың хаттамасы орталық банктер қызметтерінің нақты бағыттары бойынша зерттеулер жүргізуді жүзеге асыруға және оның экономикалық, қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өңірдегі макроэкономикалық жағдайды талдауға арналған жұмыс топтарын құру мүмкіндігін қарастырады. 

Бастапқыда Клубты құру туралы хаттамаға оның мүшелері атанған орталық банктердің он төрт басқарушысы қол қойған болатын, олар: Албания, Болгария, Босния мен Герцеговина, Грекия, Македония, Румыния, Түркия, Югославия. ТМД елдері орталық банктері атынан Армения, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан мен Молдова қатысты. Клубтың Төрағасы ретінде екі жыл мерзіммен Түркия Орталық банкінің Басқарушысы Ғази Эркел сайланды. 1998 жылы Стамбұл мен Анталияда Түркия Орталық банкінің ұйымдастыруымен Клубтың алғашқы отырысы өтті (мамыр-қыркүйек).

Орталық Азия, Қыра теңіз және Балқан елдері орталық банктері басқарушылары Клубының XXXVIII отырысы Ресей Федерациясында 2017 жылғы 29 қыркүйекте Мәскеу қаласында өтті. Іс-шараға 20 елдің орталық банктерінің өкілдері қатысты.

Отырыста мәселелердің екі түрлі бөлігі талқыланды.

Бірінші бөліктің тақырыбы перспективалық қаржы технологиялары, соның ішінде цифрлық валюталар, олардың дамуының жоғарғы қарқыны, олардың қаржы саласына ықпалы және құрамына ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыру бойынша операцияларды жүзеге асыру мүмкіндіктерінің кеңеюі кіретін ілеспе тәуекелдер жөнінде болды.

Екінші бөлік әртүрлі елдердің экономикаларындағы жағдайдың конъюнктурасын талқылауға және Клубқа мүше елдердің экономикаларына Еуропа Орталық Банк пен Англия Банкі тарапынан ақша-несие саясатын сандық жеңілдету шараларын болдырмаудың ықтимал ықпалын бағалауға арналды. 

Жылына екі рет бас қосатын Орталық банктер басқарушылары Клубының келесі отырысы 2018 жылдың жазында Түркияда өтеді. 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018