link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

1992 жылдың 26 мамырындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк баспа фабрикасын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, құрылыстағы кәсіпорындар Дирекциясы қалыптастырылды, ол кейіннен өндірістік кәсіпорындар Дирекциясына өзгертілді.

1995 жылдың 18 мамырында  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы «өндірістік кәсіпорындар Дирекциясын, Банкнот фабрикасы мен құнды қағаз Фабрикасы болып қайта құру» жөнінде қаулы қабылдады.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Банкнот фабрикасына цех мәртебесінде құнды қағаз Фабрикасы қосылды.

1998 жылдың 17 шілдесінен Банкнот фабрикасы өз мәртебесін өзгертіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің филиалына өзгертілді.

Қазіргі таңда Банкнот фабрикасы негізгі 3 бағытта жұмыс жасайды. Бірінші – банкноталар шығару. Екінші – басқа қорғанысты полиграфиялық өнім. Бұлар төлқұжаттар және 119 атаулы басқа да полиграфиялық өнімдер. Бұл түрлі есеп-бақылау маркалары,білім беру туралы құжаттар, АХАЖ құжаттары, теміржол тасымалдауларының тиеу құжаттары, пошталық маркалар, жол жүру билеттері және тағы басқалары. Үшінші бағыт – ID-карталары. Мұндай барлық ассортиментпен жоғары сапалық деңгейде айналысуға, әрдайым модернизацияланатын жаңашыл полиграфиялық өндірістік база мүмкіндік береді. Біздің банкнот цехымыз ұлттық  валюта – теңгені шығаруды кәмелетке жеткізе алғанын артықсыз айта аламыз. Қазіргі күнде банкноталарды басып шығаруда біз әлемдегі бар, айтарлықтай барлық қорғаныс технологиялар мен элеменнттерді қолданамыз. Атап айтқанда: интаглио баспасы; баспа-таңбаның екі жағынан қосылған элеменнтердің баспасы; қайталанбас оптикалық, магтитті қорғанысты және эксплуатациондық қабілеттері бар бояулар; ультражаңашыл қорғаныс жіптер қолданылады. Сондай-ақ, бірегей нөмірлеу жүйесі де қолданылады. Қағаз бен бояулар жеке түрде Банкнот фабрикасы үшін өндіріледі. Біз көптеген компаниялармен – қорғанысты баспаға арналған материалдар өндірісінің әлемдік лидерлерімен қызмет етудеміз.

Бірегей жабдықтар, эксклюзивті шығын материалдары мен жоғары мамандандырылған қызметкерлерден басқа, сыртқы нарықтағы бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, фабрика басшылығы жетістікке жету құралы ретінде сапаны басқару жүйесін таңдап алды. 2003-2005 жылдар ағымында Банкнот фабрикасында ISO 9001:2000 бойынша сапа менеджменті жүйесі әзірленіп, іске енгізілді.

Банкнот фабрикасы өз шаруашылығының эффектілігін арттыру мақсатында СМЖ-нің қолданыстағы базасы негізінде 2009 жылы сапаны, экологияны және еңбекті қорғау басқарылуының интеграцияланған жүйесін, ISO 9001:2000, ISO 14001:2004, ISO OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесінше енгізді және сертификациялады. 2011 жылы Банкнот фабрикасы, ақпараттық қауіпсіздік менеджмент жүйесінің ISO/IEC  27001:2005 «Ақпараттық технологиялар. Қорғаныс әдістері. Ақпаратты қорғау менеджменттің жүйесі. Талаптар.» сыртқы сертификациялық аудитін сәтті өтті.  Сәкестік сертификатын «TUV SUD Management Service GmbH» берді. Сонымен қатар, Банкнот фабрикасында СТ РК  ISО 9001-2009 негізіндегі сапа менеджменті жүйесі әрекет етеді. Интеграцияланған басқару жүйесін енгізу ұйымға айқын пайда береді. Оған қоса, нарықтағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етіп, тұтынушылар адалдығын арттырады.

Сонымен бірге, өнім өндірісінің жетілуіне ере, әлемдік практикада бар, қорғаныс сипаттамаларының кең спекторы мен өнімді қорғаудың жаңышыл полиграфиялық әдістерінің барлық санаттарына қарай біз өз өндірісімізді модернизациялаймыз. Соның нәтижесінде, біз өнімнің сапасын жақсартып, тапсырысшылардың, сонымен қатар шетелдік тапсырысшылардың да өсіп келе жатқан сұраныстарын қанағаттандыра аламыз.

Казіргі кедге банкноталарды кесу мен қаптау қатары жаңа модельмен алмастырылды. Ол жоғарырақ өнімділікті, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өнімді өңдеу сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, баспа машиналарында сапа бақылау жүйелері орнатылған, олар нақты уақыт кезінде баспа процессінің сапасын, бақылау мен басылып шығарылған өнімді іріктеуді автоматты түрде қадағалайды. Офсетті және нумерациялық баспа машиналарда электроника толықтай жаңартылған. Интаглио баспасы үшін дайындық және жуғыш ерітіндіні тазалау жабдығының ескірген моделі толығымен жаңа «Hirec» жабдығымен алмастырылды. Төлқұжаттық аймақта электронды төлқұжат жасау үшін лазерлік перфорациясы бар жаңа қатар орнатылған.

Жаңа баспа машиналары алынып іске қосылған. Соның қатарында «Silver – Sil» ағымдық нумерация шығаруға арналған модулі бар ролдық машинасы, цифрлық әдіспен баспа формаларын жасап шығару аймағы іске қосылды. Интаглио формаларды жасау аймағы жұмыс жасауда. Бұның бәрі Банкнот фабрикасына банкнот шығаруының толық циклын және басқа да қорғанысты өнімді жасап шығаруға, шетелдік серіктестерден техникалық тұрғыда тәуелсіз болуға, кәсіпорынның онсыз да жоғары өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ішкі нарық үшін, сондай-ақ шетелдік тапсырысшылары да үшін шығарылатын өнім спектірін ұлғайтуға. Қорғанысты басылым аясындағы соңғы тенденцияларды ескере, біздің ертерек айтылған әр жылы банкноталардың 1 миллиард данасына дейін шығару жоспары – қазір жасалуда екенін сеніммен айтуға болады, мұндай көлемді қиындықсыз игеруге күштер жетіп жатыр.

Осыдан басқа, банкноттық қатарда мерейтойлы және ескерткіш банкноталары жарық көруде. Бұл жаңа үрдіс, 1988 жылы Тайландтың Орталық банкімен алғаш рет, ал енді Қазақстанда да қолданылып жүр. Сондай-ақ, бұл жаңа технологиялар мен қорғаныс элементтерді жасап көруге мүмкіндік береді. Соңғы 10-12 жылда технологиялар даму деңгейі айтарлықтай көтеріліп, Қазақстанның Ұлттық Банкімен, қандай да қорғаныс элементтерін сериялық банкноталарға қолданар алдында, мерейтойлы мен ескерткіш банкноталарда апробациялап, және баспа үлгілерінде, яғни «үй» ақшаларында жасап көру туралы шешім қабылдады. Мұны біздің жас дизайнерлеріміз атқарады. Ал кейбір жаңа элементтерді игеріп алу үшін түрлі жобалар іске асырылып жатыр. Мысал үшін «Калипсо» сияқтылар. Сондықтан да, біз 2008 жылдан бері жасап шығарылған банкноталар ең жаңа, әлемде алғаш қолданылған қорғаныс элементтерге ие.

Соның қатарында «SPARK» элементі, мерейтойлы бес мыңдық банкнотасындағы «самғаған бүркіт» элементін жасауда қолданылған. Содан соң, бұл белгі кейінгі барлық ескерткіш және айналымдағы банкноталарда қолданыла бастады. Оны көптеген әлемдегі елдер мемлекеттік ақшасын шығаруында қолданып жүр. Европалық Орталықбанкі лабораториясының қорытындысы бойынша, бұл элементті бүгінгі күнге ұқсатып жасау мүмкін емес. Европалық Орталықбанк «SPARK» элементін евро-2 шығаруда қолданады.

Яғни, кәсіпорын өзінің 20 жылдық шаруашылығы кезінде, елімізде жоғары маңызды және шетелдік мамандармен жоғары бағаланатын жақсы қорғанысты өнім шығарылуын ретке келтірді.

Біз бір орында тұрған жоқпыз. Оның айғағы ретінде ID-карталарының іске қосылған өндірісі. ID-карталарды шығару жаңашыл учаскесі 2011 жылы іске қосылып, ең жаңа жоғарыөнімділікті жабдықпен қамтылған. Бұл айтарлықтай қиын өнім. Бүгін, цехтың өнімділік қабілеттілігі, бір ауысымдық жұмысы тәртібінде жылына 5 млн. карточканы құрайды.

2013 жылдан бастап ҚР азаматтарының биомертлік төлқұжаттарында жаңа чип пен жаңа операциондық жүйе қолданылады. Жаңа чип пен жаңа операциондық жүйені енгізу, Қазақстан Республикасында шығарылған кез-келген электронды құжаттарда қолданылатын операциондық жүйелерге меншік құқығын қамтамасыз етіп, құжаттардың қолданылу сипаттамаларын жақсартты.

Қазіргі кезде, біздің өндірісіміздің халықаралық төлем жүйелерімен Master Card Worldwide, Visa International және GSM өндіруші Ассоциациясымен сертификатталуы жайлы сұрақ талқылануда. Бұл халықаралық жүйелердің банктік карточкалары мен GSM карточкаларын Қазақстанда шығаруға мүмкіндік береді.

Елімізде индустриалды-инновациялық дамуды ілгерілеу бағдарламасы қабылданған, бірақ біз осы бағдарламаға енгізілмесек те, сол бағытқа бет бұрып келеміз. Келешекте Қазақстандық банкнот фабрикасының болашағын иновациялардың дамуы мен бесекелестік қабілеттілігінің артуынан көреміз.

 Директор - Альжанов Батырбек Асылбекович

Біздің мекен-жайымыз: 050061, Алматы қ., Фуркат к-сі, 4

«ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы»ШЖҚ-дағы РМК

Қабылдаушы: +7 (727) 381-98-35;

факс: +7 (727) 381-98-33;

Клиенттермен жұмыс жүргізу бөлімі: +7 (727) 381-98-28, 352-72-12

Интернет-ресурс: www.bf.kz, email: mail@bf-rk.com


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018