link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Мемлекетаралық банк

Мемлекетаралық Банк (МАБ) 1993 жылы құрылған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. МАБ құрылтай құжаттары Біріккен Ұлттар Ұйымында тіркелген (тіркеу туралы куәлігінің нөмірі 59988).

МАБ мүшелері - Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, және Украина. МАБ қызметінің мақсаты - мемлекетаралық маңызды  инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу және ұлттық валютада трансшекаралық төлемдер бойынша есеп айырысу тетігін құру арқылы ТМД елдерінің ұлттық экономикалық интеграциясы мен дамытуына жәрдемдесу.

МАБ жоғары басқару органы қатысушы мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері, қаржы министрліктерінің басшыларынан тұратын Банктің Кеңесі болып табылады. Банктің өкілдіктері Армения Республикасында, Беларусь Республикасында және Қырғыз Республикасында ашылған. МАБ орналасқан қалада Банк Кеңесінің отырысы кем дегенде төрт айдын ішінде бір рет өткізіледі. Банк Кеңесінің шешімдері жалпы дауыс санының жетпіс бес пайыз білікті көпшілігімен қабылданады. МАБ Кеңесіне төмендегі өкелеттіліктер берілген:

  • МАБ жаңа мүшелерін қабылдау туралы шешім қабылдайды;
  • жарғылық капиталын ұлғайту немесе азайту туралы шешім қабылдайды;
  • әр алты ай сайын МАБ Президенттің есебін тыңдап оны бекітеді;
  • Президентінің ұсынысы бойынша Банктің бюджетін қабылдайды және оны іске асыру туралы есепті тыңдайды;
  • орталық (ұлттық) банктерге есеп айырысу кредиттердің шектік мәндерін, банктің қызмет көрсету бойынша қолданылатын пайыздық ставкалары мен тарифтерінің көлемін, МАБ-тің ішкі нормалары мен қызмет ережелерін бекітеді;
  • санкциялар мен айыппұлдар, сондай-ақ МАБ-ке қатысты ережелер мен Келісімнің негізгі ережелерін, Жарғы мен тиісті хаттамаларын орындамайтын мүшелеулеріне қолданылатын шаралар туралы шешім қабылдайды.

Әр жыл сайын МАБ Кенесінің отырыстарын өткізу үшін оның мүшелерінің арасынан екі жылдық мерзімге МАБ Кенесінің Төрағасы сайланады. Қазіргі уақытта МАБ Кеңесінің Төрағасы Армения Республикасы Орталық Банкінің Төрағасы Джавадян А.Ю. ҚРҰБ-нің өкілдері үнемі МАБ отырыстарына қатысады. МАБ Жарғысының 7-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ, 2011 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының толық құқылы өкілі және оның МАБ кеңесінде орынбасарлары туралы» № 1558  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес ҚРҰБ Төрағасының орынбасары – Құрманов Жанат Бостанұлы Қазақстан Республикасы тарапынан  МАБ кеңесіндегі толық құқылы өкілі болып тағайындалды. 

Мемлекетаралық Банк кеңесінің кезекті 57-ші отырысы 2018 жылғы 17 қыркүйекте Ереван қаласында өтті.

Отырыс барысында келесі мәселелер талқыланды:

  • 2018 жылғы 6 айы барысындағы Мемлекетаралық Банк қызметінің қорытындылары туралы;
  • 2018 жылғы 6 ай барысында Мемлекетаралық Банк бюджетінің орындалуы туралы, 2018 жылға арналған Мемлекетаралық Банк бюджетінің күтілетін орындалуы және 2019 жылға арналған бюджетті бекіту;
  • Мемлекетаралық Банк Стратегиясының жобасы туралы;
  • Мемлекетаралық Банк Президентінің Өзбекстан Республикасына сапарының қорытындылары туралы.

Мемлекетаралық Банк Кеңесінің келесі 58-шы отырысы 2019 жылғы сәуір айында өткізіледі деп жоспарланған.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018