link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

ТМД қатысушы-мемлекеттерінің бағалы қағаздар нарықтарын реттеу жөніндегі мемлекеттік орган басшыларының кеңесі

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бағалы қағаздар нарықтарын реттеу жөніндегі мемлекеттік орган басшыларының кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарын реттеу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметін  үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында ТМД үкіметтері Басшыларының кеңесімен 2003 жылғы 18 қыркүйекте құрылды.

Кеңес өз қызметінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғысын, мемлекетаралық және үкіметаралық шарттарды,  ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің және Үкіметтері басшыларының кеңесінің шешімдерін, ТМД Экономикалық кеңесінің шешімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

Кеңес өз қызметін ТМД-ның Атқару комитетімен өзара тығыз  әрекеттесе отырып, жүзеге асырады.

Кеңес қызметінің міндеттері:

  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық интеграциясын бағалы қағаздар нарығы саласында тереңдету;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздарының тиімді және транспарентті нарықтарын құруды қамтамасыз ететін реттеудің халықаралық стандарттарын белгілеу бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
  • ТМД шеңберінде капитал қозғалысын одан әрі ырықтандыру үшін жағдай жасау;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарында инвесторлардың  құқықтары мен заңды мүдделерін кепілді және тиімді қорғауды қамтамасыз ету;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарында бақылаудың тиімді жүйесін жасау.

Кеңестің негізгі бағыттары:

  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттер аумағында құрылған эмитенттердің акциялары, облигациялары және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздарын эмиссиялар стандарттары мен рәсімдерін жетілдіру;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында құрылған эмитенттердің бағалы қағаздарына ТМД-ға қатысушы басқа мемлекеттердің қор биржаларында орналастыруға және айналысқа рұқсат беруге жәрдем ету;
  • бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және ұжымдық инвестициялар институттарының қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттарын әзірлеу;
  •  қор биржаларының қызметін реттеуді жетілдіру;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және ұжымдық инвестициялар институттарына лицензиялық талаптарды және олардың мамандарына  қойылатын біліктілік талаптарын жақындату;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарында мәмілелер жасауға бірыңғай талаптарды әзірлеу;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарында ақпарат ашудың  бірыңғай талаптарын әзірлеу;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарын реттеу жөніндегі мемлекеттік органдар арасында, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық бағалы қағаздар нарықтарын реттеудің тәжірибесі туралы, сондай-ақ бағалы қағаздар нарықтарын реттеудің әлемдік тәжірибесі туралы ақпарат алмасудың тиімді жүйесін құру;
  • бағалы қағаздар нарығындағы қызметін реттеудің және бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру.

2016 жылғы 4-5 қазанда Ереван қ. (Армения Республикасы) ТМД қатысушы-мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарын реттеу бойынша уәкілетті органдар басшылары Кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) XX отырысы өтті, оның жұмысына Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Тәжікстан Республикасы және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Кеңестің Төрағасы болып Армения Республикасының Орталық банкі Кеңесінің мүшесі - Мкртчян Ашот Гагикович таңдалды.

Кеңестің XIX отырысының шешімдерін орындау туралы есептеме тыңдалды, 2016 жылы ТМД жоғары органдары отырыстарының  нәтижелері бойынша ақпарат ұсынылды және алдағы кезеңге Кеңестің тапсырмалары анықталды.

ТМД шеңберінде эмитентердің бағалы қағаздарын өзара орналастыру шарттарын үйлестіруге жолданған ведомствоаралық ұсынулар дестесі Кеңеспен мақұлданды. Аталған құжат Кеңестің практикалық жұмысында қолдануға және ТМД Атқару комитетінің веб-сайтына орналастыруға бекітілген.

Акционерлік қоғамдардың қызметін (инвесторлардың және акционерлердің құқығын қорғау үшін қажет ақпаратты ашуға қатысты) және бағалы қағаздар нарығында пруденциалдық бақылауды жүзеге асыратын тәртібін реттейтін ұсыныстардың жобаларын жаңарту туралы шешімдер қабылданды.

Бухгалтерлік есепті, бағалы қағаздар нарығында аудит және аталған салаларда мамандарды дайындауды реттейтін дайындалған ұсыныстардың жобаларын жаңарту туралы Келістіру және бірлесіп жаңарту үшін ТМД атқарушы комитетінде бухгалтерлік есеп бойынша үйлестіру кеңесінде ұсынылатын болады. 

Эмитенттер мен бағалы қағаздар үшін реттелетін нарыққа (қор биржасы мен көп жақты сауда жүйелеріне) кіру шарттарын, сондай-ақ реттелетін нарықта айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен тікелей мәмілелерді және акционерлік қоғамдарды басқару органдардың таңдау және қызметі шартын реттейтін ТМД қатысушы-мемлекеттердің құқықтарын салыстырмалы талдау қорытындысы қарастырылды. Тиісті ұсыныстардың жобалары талдау қорытындысы бойынша дайындалатын болады.

2017 жылда ТМД Экономикалық кеңесінде қарастырылу үшін ТМД бағалы қағаздар саласында кезекті ақпараттық – талдау шолу редакциясында көрсетілетін болатын ТМД қатысушы-мемлекеттердің қор нарықтарының қазіргі жағдайы мәселелері бойынша мүдделі қатысушылардың сұхбаты өтті, 2017–2018 жылдарға Кеңес жұмысының жоспары бекітілді.

2017 жылғы 14 желтоқсанда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Кеңестің 21-ші отырысы өтті, оның жұмысына Әзербайжан Республикасының, Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, ТМД Атқарушы Комитеті мен Мәскеу қор биржасының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаментінің Бағалы қағаздар жөніндегі есепке алу басқармасының бастығы Жұмабаева Заура Садуақасқызы Кеңес отырысының төрағасы болып сайланды.

Отырысының барысында:

  • Эмитенттер мен бағалы қағаздар үшін реттелетін нарыққа (қор биржасы мен көп жақты сауда жүйелеріне) кіру шарттарын, сондай-ақ реттелетін нарықта айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен тікелей мәмілелерді реттейтін ТМД-ға қатысушы мемлекеттер заңнамасына ұсыныстарының  жобасы қарастырылды;
  • акционерлік қоғамдардың басқару органдарын таңдау және олардың қызметі туралы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамаларын салыстырмалы талдаудың жобасы қаралды;
  • инвесторлар мен акционерлердің құқықтарын қорғау мақсатында ақпаратты ашу бойынша акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру жөніндегі ұсынымдар қабылданды;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығында пруденциалдық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін реттейтін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру бойынша ұсыныстар қабылданды.

  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018