link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Сақтандыруды қадағалау органдары басшыларының мемлекетаралық үйлестіру кеңесі

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Сақтандыруды қадағалау органдары басшыларының мемлекетаралық үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыруды қадағалау органдарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Үкіметтерінің басшылары кеңесінің 2005 жылғы 3 маусымдағы шешімімен құрылды.

Кеңес өз қызметінде ТМД Жарғысын, халықаралық шарттарды,  ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің және Үкіметтері басшылары кеңесінің шешімдерін, ТМД Экономикалық кеңесінің шешімдерін басшылыққа алады.

Кеңестің негізгі міндеттері:

  • ТМД үкіметтері басшыларының кеңесі атынан ТМД Экономикалық кеңесінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы шешімімен бекітілген ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыру саясатын үйлестірудің тұжырымдамасын іске асыру;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыру заңнамасын Сақтандыруды халықаралық қадағалаушылары қауымдастығының қағидаттары мен стандарттарына сәйкес үндестіру бойынша шаралар қабылдау;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыруды қадағалау органдарының өзара әрекеттесуі мен өзара көмек көрсетуіне жаңа қарқын беру;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыру жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
  • ТМД аумағында халықаралық қаржы ұйымдарының ұсынымдарына және достастық шеңберінде қабылданған мемлекетаралық келісімдердің талаптарына сәйкес үйлестірілген жалпы сақтандыру кеңістігін құрудағы басымдықтарды анықтау;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыру нарықтарын тиімді бақылау және тәжірибе мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлеу;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыру ұйымдары арасында өзара пайдалы байланыс орнатуға көмек көрсету және ынтымақтастық тетіктерін қалыптастыру;
  • сақтандыру саласындағы алаяқтыққа қарсы іс-әрекет тетігін қалыптастыру, жосықсыз бәсекелестік, сақтандырушылардың қасақана банкрот атануы бойынша іс-әрекеттерді үйлестіру.

2017 жылғы 6-7 сәуірде Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Кеңес мүшелері мен Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасының шақырылған өкілдері, сондай-ақ ЕЭК және «ТМД Қаржы-банктік кеңесі» КЕӘ өкілдерінің қатысуымен Кеңестің он бірінші отырысы өткізілді.

Отырысқа Ресей Банкі сақтандыру нарығы департаментінің директоры Жук Игорь Николаевич төрағалық етті.

Отырыс барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі сақтандыруды қадағалау саласындағы ахуал; сақтанушылар, сақтандырушылар және сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша жәбірленушілердің арасында электрондық құжат айналымын қолдану; ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде электрондық сақтандыру полисін қолдану; Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасында ұлттық қайта сақтандыру компанияларын құру және қызмет ету тәртібі; ТМД шеңберінде қайта сақтандыруды ынталандыру; ТМД-ға қатысушы мемлекеттерінің Сақтандыру терминдерінің глоссариі; сақтандырушылардың активтерін өзара негізде ТМД мемлекеттерінің ұлттық активтеріне инвестициялау мүмкіндігі; сақтандырушылар қатысында ауқымды ақпарат қорын қалыптастыру арқылы трансшекаралық алаяқтыққа қарсы тұрудың перспективалары туралы және өзге де мәселелер бойынша ақпарат қаралды және пікір алмасу орын алды.

Кеңес қызметінің өткен кезең бойынша есебін дайындау; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі сақтандыру қызметтері нарығына ақпараттық-аналитикалық шолудың кезекті редакциясының құрылымы мен оны дайындау; қайта сақтандыру мәселелері бойынша жұмыс тобын құру; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыру терминдерінің глоссариі бойынша жұмыс тобының қызметін үйлестіру туралы шешімдер қабылданды.

Кеңестің төрағасы ретінде Ресей Федерациясының өкілі - Ресей Банкінің Сақтандыру нарығы департаментінің директоры Игорь Николаевич Жук тағы бір мерзімге сайланды. Журавлев Всеволод Николаевич - Ресей Банкі Сақтандыру нарығы департаментінің кеңесшісі, төрағалық тараптан Кеңестің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша шешімдер бірауыздан қабылданды. Кеңестің он екінші отырысы 2017 жылдың 23-24 қазанында Армения Республикасында (Ереван қаласында) өтті.

Кездесу барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыруды қадағалау саласындағы жағдайы туралы ақпарат беріліп, пікір алмасу орын алды, соның ішінде:

  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруда электрондық құжат айналымын жүргізу тәртібі туралы келісімнің жобасын дайындау туралы;
  • Қайта сақтандыру мәселелері бойынша жұмыс тобы туралы ереженің жобасы туралы;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыру терминдерінің глоссариі туралы;
  • сақтанушылар қатысында ауқымды ақпарат қорын қалыптастыру арқылы трансшекаралық алаяқтыққа қарсы тұрудың мүмкін бағыттары туралы;
  • ТМД шеңберінде сақтандыру ісі саласында негізгі білім беру ұйымын анықтау туралы;
  • сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін бағалауда тәуекелге бағдарланған тәсілдерді қолдану туралы туралы.

Сақтандыру саласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің негізгі ұйымы туралы ереженің жобасын дайындау; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандыру терминдерінің глоссариі бойынша жұмыс тобы қызметінің жоспары; ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде қайта сақтандыру нарығының дамуы туралы есепті дайындау туралы шешімдер қабылданды.

2018 жылдың наурыз-сәуір айларында Тәжікстан Республикасында (Душанбе қаласында) Кеңестің он үшінші отырысын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018